Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Самат Әбіш ешқайда кетпеу туралы қолхат алды – Бас прокуратура

Бас прокуратура Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты қандай бұлтартпау шарасы таңдалғанын хабарлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"Самат Әбіш Қазақстанда, ешқайда кетпеу туралы қолхат алған. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембай.

Бұған дейін "Қаңтар оқиғасы" кезінде билігін және қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген айыппен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатқанын хабарлаған едік.

Айта кетейік, бұған дейін ҰҚК 5-департаментінің бұрынғы бастығы Руслан Ысқақов Қаңтар оқиғасы кезінде өзіне Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш бұйрық бергенін мәлімдегені туралы жазған едік. 

Еске сала кетейік, Самат Әбіш ҰҚК-нің ұсталған бұрынғы басшыларына қатысты қылмыстық іс бойынша куәгер болған. Өткен жылдың шілде айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті одан куәгер ретінде жауап алынғанын, алайда Әбішке қатысты қылмыстық істер ұлттық қауіпсіздік органдарымен тіркелмегенін, бұлтартпау шарасы қолданылмағанын хабарлады.

Осы жылдың қаңтарында бас прокурор Берік Асылов Әбіштің комитет басшылығына қарсы іс бойынша жай ғана куәгер болғанын мәлімдеген еді.

Талқылау