Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Салық төлеуден жалтарып жүрген әншілердің есімдері анықталды

Жылдық табыстарының көптігіне қарамастан Қазақстан шоу бизнесіндегі кей әнші салықтан жалтарған. Олардың қатарында Луина, Мақпал Исабекова, Бүркіт, Асхат Тарғын, Әли Оқапов, Ділназ Ахмадиева сынды танымал жұлдыздар бар.

новый коллаж

Бұл туралы Stan.kz ҚР Мемлекеттік кіріс департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

2015 жылғы ақпаратқа сүйенсек, әнші Бүркіт жылына орташа есеппен 1 млн. доллар (180 млн. теңге) көлемінде табыс табады екен. Алайда ол жеке кәсіпкер ретінде еш жерде тіркелмеген. Мұнымен қатар,  шоу бизнеске қатысты салықтары төленбеген.

Асхат Тарғынов жылына орташа есеппен – 172,8 млн. теңге, Әлішер Кәрімов – 135 млн. теңге, Ділназ Ахмедиева – 108 млн. теңге, Бахтияр Мәмедов – 90 млн. теңге, Әли Оқапов – 54 млн. теңге, Серік Ибрагимов –  54 млн. теңге, Жанар Дұғалова – 45 млн. теңге табыс табады екен. Бұл әншілер табыс көзінің бар екеніне қарамастан, өздеріне тиесілі салықты төлемей келеді.

Мұнымен қатар, жеке кәсіпкер ретінде тіркелсе де, белгілі бір салықтарын төлемей жүрген өнер адамдары да бар. Олар – Луиза (Луина) Каринбаева мен Мақпал Исабекова. Десе де, көптеген шоу бизнес өкілі өздерінің заңды бұзбағандарын айтып, тексеру жүргізуге рұқсат берген.

Мемлекеттік кіріс департаменті дәл қазір продюсерлік кәсіп, ән жаздыру және бейнебаян түсіруге қатысты тыңғылықты тексеру жұмыстарын жүргізіп жатқанын хабарлайды.


Оқи отырыңыз:

Басы дауға қалған қазақ эстрадасының танымал жұлдыздары

Қазақ эстрадасында кімнің кімге еліктейтінін әншілердің өздері айтты (видео)

Қазақ эстрада жұлдыздары жұптарын қалай қызғанатынын айтты

Қазақ эстрадасындағы ерте шаңырақ көтерген жұлдыздар

Талқылау