Басы дауға қалған қазақ эстрадасының танымал жұлдыздары

Сәрсенбі, 18 Мамыр , 2016 15:48

Танымал жұлдыздар үшін қасықтап жинаған абыройын шелектеп төгу оңай. Бірақ осыдан кейін өзіне адал атын қайтаруы әлдеқайда қиын. Stan.kz қазақстандық танымал жұлдыздардың қатысуымен болған даулы оқиғаларды ұсынады.

новый коллаж

Осыдан тоғыз жыл бұрын Жүнісованы ұшақта отырған жерінен екі милиция қызметкері күштеп сыртқа алып шығады. Мұнымен қатар, көпшіліктің көзінше билет көрсетуін талап етіп, ұшақтағы сөмкесі мен телефонын алуға да мүмкіндік бермейді. Бұл әрекеттерінің себебін де дұрыс түсіндірмеген. Ал видеода әнші қатты ашуланып, өзіне күш көрсеткен екі азаматтың әрекетін түсінбей дал болғанын айтады. Арасында дисфемиздер қосып сөйлеген тұсы да бар. Әнші осылайша күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылады.

Аталған видеоны түсірген азаматтар осы күні Мақпал Жүнісованы бопсалап, одан ақша ғана емес, су жаңа көлік талап еткен. Бұл туралы “Мен ешкімге ақша төлемеймін, мен ешкімге көлік бермеймін. Мен одан да жетімдерге берейін. Қазақтардың ар-намысын қорғаймыз десе, қолынан келіп тұрған азаматтар соны алдырып тастамай ма?” деп қорғансыз қалғанын жеткізді.

новый коллаж

“Анасын қорғаған бала”

Роза Рымбаева мен оның баласы Әли Оқапов, қазақстандық рэпер Big Som (Биг Сом) және әнші Нұрлан Абдуллин, белгілі шоумен Александр Шумский “Беш” деп аталатын бейнеклип түсіріп, кейіннен халықтың сынына ұшыраған соң кешірім де сұраған болатын.

Әлеуметтік желі қолданушылары танымал әнші Әли Оқаповтың Астана телеарнасының «Сырласу» атты бағдарламасында айтқан сөзін сынға алып отыр. Қолданушылар Әлидің «Халық әртісін сынайтындай, олар кімдер? Ешкім. Оны сынайтын адамдар – компьютер алдында отырған мәдениетсіз топастар» деген сөзіне ренжіген-ді.

Желі қолданушылары бұған өз жауаптарын да беріп жатыр. Мәселен, белгілі суретші Аңсаған Мұстафа өзінің facebook.com желісіндегі парақшасында “Біз топас болсақ сен мынандайсың…” тушь, қылқалам 16.07.2014.” деген атпен сурет салып шығарған.

fWubIkB1U2g

Сурет: вконтакте

“Казинода шу шығарған “Есентаев”

Осы уақытқа дейін желіде “Баха Есентаевтың” казинода біреуді соққыға жығып жатқанын көрсеткен видео пайда болды. Видео YouTube желісіне жарияланса да, біраз уақыт өткен соң барлық жерден алынған. Желі қолданушылары әлгі бұзақы азаматты Баян Есентаеваның жолдасына ұқсатқан. “Есентаев” казинодан 40 мың доллар ақша ұтылып, бар ашуын айналасындағылардан алмақ болған дейді видеодағы бейтаныс дауыс. Соққының қатты болғаны соншалық, казино қызметкері жерге отырып тұра алмай қалады. Аталған видео 2015 жылы түсірілген.

0-17

Фото: altaynews.kz

“Спортшымен жұдырықтасқан әнші”

2010 жылы күрес өнерінің шебері Айдар Дәуітов өзін қазақстандық әнші Бейбіт Қорғанның ұрып-соққанын айтқан. Екеуі Атырау-Алматы бағытындағы ұшаққа бірге отырған. Рейсті тіркеу кезінде сөзге келіп, артынша Алматыда төбелескен. Айдар, өзін бірнеше жігіттің жабылып ұрғанын тілге тиек еткен. Ішінде әнші Бейбіт Қорған да бар көрінеді. Көп ұзамай таяқ жеген спортшы мен басы дауға қалған жұлдыз туралы сюжет барлық отандық арнадан көрсетілді. Алайда Бейбіт спортшы жігіттің өзінің атына кір келтіргісі келіп, түрлі әрекет жасағанын айтып ақталған. Бұл дау артта қалып, әншінің тыңдармандары бәрін ұмытқан болатын. Бірақ көп кешікпей журналист Айнұр Сапарова Бейбіттің үстінен шағым түсірді. Ол өзін әншінің ұрып-соғып, бет әрлейтін бөлмеге қамап кеткенін айтты.

1-2

Фото: vipsound.kz

“Боғауыз сөз айтып, пышақ көрсеткен Қайрат Нұртас”

2011 жылы миллионның жүрегінен орын алған Қайрат Нұртастың басы дауға қалған болатын. Әншінің пышақ ұстап, боғауыз сөздер айтқан видеосы желіге шығып кеткен. Бұл жағдай әнші әбден танылған кезде болды. Осы мәселе ток шоуда сөз болып, тыңдармандардың бірі оны қорғамақ болады. Жақтастары жастық шақта кез келген адамның мұндай әрекет жасауы мүмкін екенін айтады.

image-80

Фото: pandaland.kz

“Сүйіктісіне алданған Әсел Сәдуақасова”

2014 жылы әнші әрі актриса Сәдуақасова жайсыз жағдайға тап болды. Жалаңаштанған суреттері  WhatsApp желісі арқылы таратылған. Жұрт әлгі қыздың Әсел Сәдуақасоваға қатты ұқсайтынын айтып шулаған. Бұдан кейін бұл кадрлар барлық отандық арнадан көрсетіліп, әнші ұятты жағдайға қалады. Десе де, Әсел мұны жоққа шығарады. Бұдан өзге әншіні сүйіктісі алдап ақшасы мен пәтерін алып қойған болатын.

12317481_1496947337275261_1876632684_n

Фото: instagram.com/dilnaz_akhmadiyeva/?hl=ru

“Тыңдармандарына ақымақсыңдар деп тіл тигізген Ахмадиева”

2015 жылы Ділназ Ахмадиева Instagram желісінде шу шығарды. Ол өзінің тыңдармандарын “ақмақсыңдар, мисызсыңдар” деп балағаттады. Осы тақырыпта мақала жазған авторлар әнші пікірін скрин жасап алған. Ділназдың өзі көп күттірмей-ақ  жауап қатты. “Менің тыңдармандарым, Құдайға шүкір, өздерін ешкімге ренжіткізбейтін жандар.  Ал “ақымақ”, “мисыз”  деп мен маған ауыр сөздер жазған желі қолданушыларына ғана қатысты айттым”, – деп түсіндірді әнші өз әрекетін. Мұнымен қатар, “менің тыңдармандарым ақымақ” деп ешуақытта айтпағанын жеткізді. Өзіне ауыр сөз жазған қолдануышыға қатысты қандай да бір шара қолданатынын айтып өтті.

28051712-1

“Мансап жолын жанжалдан бастаған Луина”

Луинаның мансап жолы шулы оқиғадан басталған. Әнші продюсер Алуа Қонаровамен сөзге келіп қалған. Қазір себебі ашық айтылмаса да, отандық бағдарламалардың бірінде қос тарап бетпе-бет отырып пікір алмасқан. Мұнымен қатар, бұл бағдарламаға Сон Паскаль, Баян Есентаева, Жомарт Сүлейменов сынды танымал адамдар қатысқан.

photo_131201

Фото: tengrinews.kz

“Полиция қызметкерінің шалбарын жыртқан Жадыра Құтпанова”

2014 жылдың жаз айында “Дауыс International” тобының экс мүшесі өзіне көпшіліктің назарын аударды. Ол көлікті ішімдікке тойып алып жүргізген. Әнші полиция қызметкерінің бірінің қолын тістеп, енді бірінің шалбарын жыртқан.

10735276_1504762276476637_1304968026_n

Фото: instagram.com/kairat_tuntekov/

“Көлігі мен ақшасынан айырылған Түнтеков”

2012 жылы Қайрат Түнтеков ақшасы мен көлігінен айырылды. Ол өзінің “Тайотасымен” “Лэнд крузер” машинасына соқтығысқан. Нәтижесінде бойжеткен ауруханаға түскен. Полиция қызметкерлеріне ұсталған Түнтековтың қалтасында ешбір құжат болмаған. Осыған орай, оны 40 тәулікке түрмеге қамады. 55 мың долларды қайтаруы керек болды.

Жақын күндердің бірінде “Тоқтама” атты бейнебаян ұсынған әнші бұл тақырыпты мүлдем қозғамауды жөн көреді. Бар болғаны, сол кезде өзіне тас лақтырған журналистерге қатты ренжіп жүргенін айтады.

новый коллаж

“Алуа Қонарова vs Баян Есентаева”

2014 жылы Баян Есентаева мен әріптесі Алуа Қонарова ренжісті. Қазақстандықтар олардың Instagram желісін бөлісе алмағанын айтты. Артынша Алуа Қонарованың Татарстанда өткен Turkvision-2014 байқауында Жанар Дұғалованың жеңіске лайық болмағанын айтқан пікірі жанжалдың ушығуына себеп болғаны анықталды.


Оқи отырыңыз:

Қазақстандық жұлдыздар балаларын қалай тәрбиелейді

Қазақстандық жұлдыздар туған сіңлілеріне қаншалықты ұқсайды?

Қазақстандық жұлдыздардың шын жасы нешеде?

Қазақ эстрадасындағы киіну стилін өзгертпейтін жұлдыздар

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар