Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық жұлдыздар туған сіңлілеріне қаншалықты ұқсайды?

Ағасы бардың, жағасы бар демекші, өнер әлемінде туысқан жұлдыздар көп-ақ. Оларды бір көргеннен-ақ жақын бір ана мен бір әкеден туғанын байқауға болады. Бір қызығы, бір-біріне мүлдем ұқсамайтын әпкелі-сіңлілер де бар. Жұлдыздардың біртуғандарына  қаншалықты ұқсайтынын бірге анықтап көрейік.

 

новый коллаж

Халық Кәмшат Жолдыбаеваны жақсы таныса да, туған сіңлісі Алтынай туралы көп біле бермейді. Алтынай ән айтпаса да, бір кісідейін театр сахнасында жұртты өнерімен тамсандыра біледі. 2015 жылы “Адасқандар” телехикаясында басты рөлді сомдады. Бастапқыда бұл рөлге Кәмшат Жолдыбаеваны шақырған екен. Әншінің түсірілімнен қолы босамағандықтан, рөл сіңлісіне бұйырған.

12965096_222342188129716_1257638772_n

Әпкелі-сіңлілі Жолдыбаевалар түсірілім алаңына да, жаттығу залына да бірге барғанды жөн көреді. Әдетте Алтынай әпкесін бояндыруға көмектеседі.

новый коллаж.jpg414

Найля Заитова мен Іңкәр Ерлан

Зайытова “КешYou” құрамынан кеткен соң сіңлісімен бірігіп “Lila” тобын құрған болатын. Ал аталған топқа Әділ Лиян жетекшілік еткен. Ол қос арудың продюсері ғана емес, туысқан ағасы болып келеді.

скачанные файлы

Құралай мен Мерей Нұрқаділовалар (әкелері бір)

Құралай Нұрқаділова елімізге танымал сәнгер әрі суретші. Өзіне тиесілі “Құралай” атты сән үйі бар.  Kazakhstan Fashion Week және Мәскеу мен Екатеринбург қалаларында өтетін сән апталығының тұрақты қатысушысы. Ал Мерей Нұрқаділова әнші Мақпал Жүнісова мен Заманбек Нұрқаділовтың қызы. Аналары бөлек болғанымен, екеуінің әкесі бір.

новый коллаж

Айда мен Жәния Джуринская

Актриса Жәния Джуринская сіңлісінен небәрі бірнеше жасқа үлкен болса да, оның бала көретіндігін айтқан болатын. Джуринскаяның сіңлісі өзінің “JD” атты сұлулық салонында жұмыс істейді.

www.np.kz

Бағым Мухиденова мен Баян Есентаева

Халық Бағымға қарағанда, Баян Есентаеваның жас көрінетінін жиі айтады. Екеуі де “Шайн продакшн” компаниясында қызмет істеп, жұлдыздарды үлкен сахнаға әзірлейді. 2016 жылдың күз айында аталған компанияны Астана қаласына көшіріп, еліміздің бас қаласында шәкірт тәрбиелеуді қолға алып жатыр.

025

Аша Матай, Айару Бақытбек пен Айсәуле Бақытбек

Баян Есентаеваның үлкен қызы қазіргі таңда шетелде білім алып жатыр. Болашақта анасы секілді танымал адам болмаса да, журналистика саласында мықты маман болғысы келетінін жиі айтады. Ал үш жасынан ернін қызыл далаппен бояғанды ұнататын Айару әлемдік деңгейдегі сән көрсетілімдеріне қатысып үлгерген. Ал тележүргізуші, актриса әрі әнші Аша Матай 2015 жылы Арман Қоңырбаевқа тұрмысқа шыққан болатын. Бойжеткен бірнеше фильмнен бой көрсетіп, сәнді киімдер жарнамасына түсті. Аша Айару мен Айсәуленің туған бөлесі.

kVhonuOt7zY

Қымбат пен Қарақат Әбілдиналар

Қымбат Әбілдина – алғаш 2000 жылдың күзінде шығарыла бастаған республикалық “Айгөлек” журналының бас редакторы. Көпбалалы отбасында дүниеге келген Қарақат Әбілдина эстрадамыздың белгілі әншісі, дәстүрлі өнердің насихаттаушысы.

file

Лидия Кәден мен Лидо Досалина

Лидия Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы. Ал Лидо әнші әрі сәнбике. Мұнымен қатар, сәнгерлікпен айналысып, маусым сайын киімдер топтамасын шығарып отырады. Әпкелі-сіңлілер ән байқауына қатысып, бірігіп дуэт құрған болатын.

11313804_1500550803579023_1134819636_n

Айша Байбосынова “Дауыс International “ тобының солисі. Ал әншінің әпкесі Ғалия Байбосынова продюсер әрі қоюшы режиссер.

Естеріңізге сала кетсек, қазақстандық жұлдыздар мен олардың туған бауырлары туралы жазған болатынбыз.

Талқылау