Қазақстандық жұлдыздар балаларын қалай тәрбиелейді

Сәрсенбі, 27 Сәуір , 2016 16:35

Жұлдызды отбасылардың қуанышы мен қиыншылығының қарапайым қарашадан еш айырмашылығы жоқ. Мұны олардың балаларына берген тәрбиесінен-ақ  байқауға болады. Олар да ақыл айту немесе ұру сынды тәсілдерге жүгінеді. Әншілер өздерінің қандай тәрбие көріп, балаларын қалай тәрбиелегі туралы “Ревю” бағдарламасында айтып берді.

image

Фото: вконтакте желісінен

Әнші Меруерт Түсіпбаева бүгінгі таңда бармағын тістеп жүр. Бала тәрбиесіне жастық-албырттықпен мән бермеген бикеш ұлының жеті жасқа дейін әжесінің қолында жүргенінен еш әбестік көрмеген. Есесіне Нұрғисасы өсе келе өзінен алыстап кеткенін айтады.

“Баламның мені  тыңдамайтын да, сол үшін менің жылайтын да кездерім болады. Шынымды айтсам, ұл баланы әйел адамның тәрбиелеуі өте қиынға соғады екен”, – дейді Меруерт Түсіпбаева.

comode

Фото: comode.kz

Бір шаңыраққа бас болуға жасы жеткен ұлы мен бір ошақтың түтінін түтетуге жарап қалған қызын тәрбиелеудің тәсілін Нұрлан Абдуллин өз ата-анасынан үйренген. Ел ағасы балаға қол көтеруге болмайтындығын, мұндай әрекетке өз ақылын тыңдата алмаған жұлдыздар ғана баратынын айтады.

www

Фото: inform.kz

Ел қатарына саналы ұрпақ қосуда Сәкен Майғазиевтің көзқарасы Нұрлан Абдулинге ұқсайды. Бала ата-ананың айнасы деген ұстанымдағы әнші барлығына бірдей үлгі болғысы келетін көрінеді.

“Жұмыстағы мәселені үйге апармаймын. Немесе үйдегіні жұмысқа алып келмеймін. Өзің арақ ішіп отырып, темекі тартып тұрып балаңа ақыл айтсаң, кім сені қабылдайды. Бірінші әке өзі үлгі болуы керек”, – деп Сәкен Майғазиев барлығын өз ісімен көрсетуге тырысатынын айтып өтті.

12976415_817357881730721_1662104177_n

Фото: instagram.com/zhunusova.makpal/

Ел еркесі Мақпал Жүнісова жалғыз қызын таяқтап ұрмаса да, ағаттық жіберсе, қабағын шытып, бір ұрысып алатын көрінеді.

“Менің қас қабағымнан бәрін біледі. Даусымды қатты көтермеуім мүмкін. Мен қабағымды бір түйдім бе бітті қыз жым болады”, – дейді әнші.

Бұл әдісті “Лашын” тобындағы Сара Мамасарипованың анасы да қолданбақ болған екен. Алайда мінезі жігіттерге ұқсайтын бойжеткенге қатулы қабақ аздық еткен көрінеді. Бойжеткен ұлдармен бірге доп қуамын деп талай таяқ жегенін айтады.

-fhx-V_DAX8

Фото: lada

“Балалықпен істеген қателіктерім үшін анам үйден шығармай қоятын. Апталап үйде болатын кездерім де болды. Ал мақтайтын сәттерге келсек, анам “Жарайсың, қызым” деген сөзден артық айтып көрген емес”, – деп актриса Гүлнәз Жоланова бала күнінде айтарлықтай бұзық болғанын айтып өтті.

Расымен де, жұлдыздардың бала тәрбиесінде жүгінетін тәсілдері сан-қилы. Ал сіз өз балаңызды қалай тәрбиелейсіз?


Оқи отырыңыз:

Қазақстандық жұлдыздар жер саудасына қарсылық білдірді (видео)

Махаббаттың жасқа қарамайтынын дәлелдеген қазақстандық жұлдыздар (фото)

Беспаев пен Зайытовтың қыздары бейнелеу өнерінің үздігі атанды

Қазақ сахнасындағы шаңырағы шайқалған жұлдыздар

Желіде жұлдызға айналған танымал адамдардың балалары

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар