Махаббаттың жасқа қарамайтынын дәлелдеген қазақстандық жұлдыздар (фото)

Сәрсенбі, 16 Наурыз , 2016 17:53

Қазақ халқы “тең теңімен, тезек қабымен” деп ұл-қыздарын бақытты етіп қана қоймай, бірге қартаятын адамға қосуды мұрат тұтқан. Алайда ХХІ ғасырда ғашықтар жас алшақтығына мән бермей, арадағы махаббат отының тұтануын бірінші орынға қояды. Мұндай ғашықтар танымал адамдардың ішінде де көп.

2

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Жігіттер” тобының экс-солисі Еркін Нұржанов 16 жастағы қалыңдығын алып қашқан. Кәмелет жасқа толып үлгермеген қалыңдығы екеуінің арасы 14 жас.

3

Бүркіт пен Айшаның арасы 12 жас. Әнші сүйіктісіне үш рет ұсыныс жасап, артынша тыныш қалдырған. Арада біраз уақыт өткен соң Айша қыздың өзі келіп кешірім сұрап, ұсынысын қабыл алады.

4

Әнші Мәдина Сәдуақасова мен жолдасы Олжас Жұмағұловтың жағдайы ерекше. Бұл отбасында жары жолдасынан 6 жас үлкен. Сәдуақасова осы күнде бір баланың анасы.

5

“Рахат-Лукум” тобының экс-солисі Ленара Абибулаева өзінің сүйіктісі Райымбек Баталовтан 14 жас кіші.

080382e0439e9dec8ecf02f3337bb139

Қарақат Әбілдина жолдасы Қыдырәліні өзі халыққа танымал болмай тұрып жолықтырады. Ол кезде екінші курс студенті болса керек. Елімізге үлгі болған қос ғашықтың арасы 14 жас. Істігер дүниеге келсін деп армандап жүрген ерлі-зайыптының төрт ұлы бар.

6

Жасы үлкен қыз-келіншектермен араласуды ұнатамын дейін Дәуіт Шайхисламов өзінің жұбайынан 11 жас кіші. Продюсер Дәуіт Шаихисламов пен журналист Дана Орманбаеваның Бексұлтан, Исламбек, Шарлиз, Дилан атты төрт баласы бар.

1

Асанәлі мен Бағдат Әшімовтердің махаббат хикаясы дүйім жұртты таңқалдырған-ды. Өйткені аралары 34 жас. Қазір олардың бір балалары бар.

image

Гүлнұр Оразымбетова өзінен 21 жас үлкен мемлекеттік қызметкерге тұрмысқа шыққан. Әнші жолдасының тұрақты түрде спортпен айналысып, қимыл-қозғалысының ширақ екенін айтады.

Махаббаттың жасқа қарамайтынын дәлелдеген жұлдыздар қазіргі таңда тату-тәтті болып, бала тәрбиелеп отыр. Ал сіздің ерлі-зайыптылардың жас алшақтығы туралы пікіріңіз қандай?

Естеріңізде болса, осы уақытқай дейін Еркін Нұржанов 16 жастағы қалыңдығына ұсынысты телефонмен жасағаны туралы жазған болатынбыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

25
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар