Желіде жұлдызға айналған танымал адамдардың балалары

Жұма, 8 Сәуір , 2016 16:49

Кейбіреуі әкесі мен анасының арқасында танымалдылыққа қол жеткізсе, енді бірі өздерін басқа қырынан сынап көрмек болған. Бұл балалар ел аузында жүрген отбасылардан шыққан. Олар танымалдылықтың не екенін жақсы біледі. Мұның Instagram парақшаларындағы тіркелушілер мен әр суретіне басылған лүпіл санынан-ақ байқауға болады.

12292812_168647506823321_303692820_n

 

Айсәуле Бақытбек, Instagram — @aissaulebakytbek, тіркелушілер саны – 550 мың

Анасы — Баян Есентаева, әкесі — Бақытбек Есентаев

21 жастағы бойжеткен Дубайдағы Америка университетінде білім алып жатыр. Ақсәуле ата-анасының тәрбиелеу тәсілдерінің әртүрлі екендігін айтады. Әкесі көбірек еркелетсе, анасы барынша қатал болуға тырысады екен. “Анашым мен туралы барлығын білетіндіктен, оны жақын құрбымдай көріп сыр бөлісемін. Әке-шешеме маған әрдайым таңдау мүмкіндігін бергендері үшін алғысымды айтамын. Олардың үміттерін ақтауға тырысамын, сондықтан бұл әрекеттері үшін ешуақытта өкінбейді деп ойлаймын”, – дейді бойжеткен.

10471934_1510001242562317_1242723058_n

Айару Бақытбек, Instagram – @аiarusha, тіркелушілер саны – 314 мың

Баян Есентаеваның кіші қызы. Алматы мектептерінің бірінде білім алып жатыр. Небәрі 7 жасында әлемдік деңгейдегі подиумдарда өнер көрсеткен. Қазіргі таңда тәтті тағамдар пісірумен айналысады.

12328440_1715593508697879_90524255_n

Мерей Заманбекқызы, Instagram – z_merey, тіркелушілер – 22 мың

ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова қызы Мерей Заманбекқызы 2009 жылы 1 сыныпқа барған. Дәл қазір Алматы қаласындағы Ыбырай алтынсарин атындағы №159 мектеп гимназиясында білім алып жатыр. Макпал Жүнісованың айтуынша, Мерей өте зерек. Небәрі төрт жасында 42 әріпті жатқа біліп, 100-ге дейін санауды меңгерген. Мерей әкесі Заманбек Қалабайұлының өлеңдерін жатқа оқиды. Мұнымен қатар, бірнеше тілде еркін сөйлеп, пианинода ойнайды.

12070628_403484996529038_507742159_n

Диас Аблаев, Instagram — @dias_ablayev, тіркелушілер саны – 26,5 мың

Диас елімізге танымал Нағима Есқалиеваның ұлы. Әкесі – Александр Аблаев. Анасы үнемі гастрөлдік сапарда жүретіндіктен, Диасты 6-7 жасқа дейін әкесі тәрбиелеген екен. Александр Аблаев баласының сабағына көбірек көңіл бөлуге тырысқан. “Мені музыка мектебінің скрипка сыныбына берген әкем. Ал анам бір рет те болсын күнделігімді тексерген емес. Мұнымен қатар, шектеу де қоймайтын. Қателсіп, артынша сол қателігімді түзетуге мүмкіндік беретін”, – дейді Диас Аблаев.

айым

Айым Сейтметова, Instagram – @aiymsm, тіркелушілер саны – 40,9 кб

Сейтметова Айым Азатқызы 1997 жылы 8 тамызда Алматы қаласында актерлер отбасында дүниеге келген. № 12 гимназияның 11″А” сыныбының 2015 жылғы түлегі.  Халқымыздың сүйіктісіне айналып үлгерген анасы Данагүл Темірсұлтанова  – “Тамаша” , “Аққу-Гәкку” деген теле-шоу бағдарламаларда жане телехикаяларда ойнайды. Әкесі Азат Сейтметов те актер әрі режиссер. “Жібек” телехикаясында басты рөлді сомдайды.

1

Айжұлдыз Адайбекова, Instagram – aizhuldyz_adaibekov, тіркелушілер саны – 297 мың

Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Алматы қаласындағы Күләш Байсейітов атындағы дарынды балаларға арналған музыка мектебінде 13 жыл білім алған. Сольфеджио, теория, гармония секілді пəндерді сүйіп оқыған ару математика, химия сынды пәндермен мүлдем дерлік дос болмағанын айтады. Қазір ел оны жас актриса ретінде тани бастады. Сатыбалды Нарымбетовтің «Аманат» фильміне түскен.

12797871_1554102334899849_634792313_n

Бек Орманбаев, Instagram — @beksnice, тіркелушілер саны – 5 019

Бек Орманбаевтың анасы – Дана Орманбаева, ал өгей әкесі – Дәуіт Шайхисламов.

Жігіттің айтуынша, анасы үнемі пікірін сыйлап, жастайынан ешнәрсеге мұқтаж болмауын қадағалаған. “Бала күнімде отбасылық жиында қандай сұрақ қойсам да, жауап ала алатын едім. Менің пікірім әрдайым ескерілетін”, – дейді Бек Орманбаев.

image

Олжас Еспанов, – espanov_olzhas, – тіркелушілер саны – 30,9 мың

Нұрлан Еспановтың үлкен ұлы. Алматы қаласы №128 мектептің түлегі.

OeF7xV8SzXgj6lKuFjoZ33Fbbe6Z3o

Айгерім Бегалы, – aika2203, тіркелушілер саны – 11,6 мың

Нұрлан Еспановтың үлкен қызы мен ұлы бір мектеп те білім алған. ЖОО-да білім алып жатқан Айгерім көптеген сұлулық байқауларының жеңімпазы атанып үлгерген.

052

Бейбарыс Әбдібек, – @barys01 Тіркелушілер саны – 777

Роза Әлқожа мен Айдын Қабаның үлкен ұлы.

zL-RLDXDSt8

Болат Жолдасов

Әкесі – Ұлықпан Жолдасов, анасы – Айған Жолдасова. Негізінен гитарада ойнайды. Өзінен 10 жас кіші қызбен шаңырақ көтеріп, әкесі 600 адамға ұлан-асыр той жасап берген-ді.

818a3bfd120129edc80457860ba4dbb0

Фарида Жолдасова, – @farida_zholdasova. Тіркелушілер саны – 166,7К

Әнші Ұлықпан Жолдасовтың жалғыз қызы өзінің шығармашылық жолын бала күнінен бастаған. Көбінесе өзі шығарған өлеңдерді орындайды екен. Әншінің ең танымал әні – “Неге солай”. Жақында Төреғали Төреәлімен “Қыдырып қайтайық” атты ән жазды.

12783941_238162483187588_1269344414_n

Беклан Көпбосынов, – kbeklan, тіркелушілер саны – 1 764

Айтыс ақын Айнұр Тұрсынбаеваның ұлы 1999 жылы 8 қаңтарда дүниеге келген. Астана қаласындағы №56 мектеп лицейінде білім алып жатыр. Жуырда анасымен бірге қажылыққа барып келді.

rUT_TGAo3dw

Мәди Рымбаев, – @madirymbaev, тіркелушілер саны – 34,9K

Мәди Рымбаев 2000 жылы 31 желтоқсанда дүниеге келген. Роза Қуанышқызының кенже ұлы. Анасы баласына қазақы тәрбие беріп қана қоймай, оған өзге мемлекеттердің мәдениетін сіңіруге тырысқан. Мәди Күләш Бәйсейітов атындағы музыка мектебінің фортепиано сыныбында білім алып жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстандық көпбалалы жұлдыздар туралы хабарлаған болатынбыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар