Қазақ сахнасындағы шаңырағы шайқалған жұлдыздар

Жұма, 19 Ақпан , 2016 12:39

“Үйлену оңай, үй болу қиын” деген мақал бекер айтылмаса керек. Мұның дәлелі – елімізде жыл сайын 700 ғашықтың шыңырақ көтеріп, 200 отбасының ажырасуға өтініш білдіруі. Әсіресе, өнер жұлдыздарының арасында бұл көрсеткіш өскен.

19

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Батыс елдерімен салыстырғанда түкке тұрмайтын бұл көрсеткіш біздің менталитетімізге жат екені де рас. Халық алдында барынша үлгілі болуға тырысатын жұлдыздардың ішінде отбасылық өмірдің тауқыметіне шыдай алмағандар баршылық. Олардың ажырасуына басты себеп қызғаныш екен. Күні кеше 9 жыл балалары болмай, “ажырасыңдар” деген қаңқу сөзге құлақ ілмей, отбасылық өмірдің қиындықтарын бірге жеңген Мақсат Базарбаев пен жары Әсел туралы сөз қозғаған едік. Енді кезекті материалымызды шаңырағы шайқалған жұлдыздар тақырыбына арнауды ұйғардық.

1

Ерке Есмахан

2011 жылы ғұмырлы болады деген қуаныш көпке созылмады. Елімізге танымал жұп бала үшін де бірге тұра алмайтын дәрежеге жетіп, ажырасу туралы шешім қабылдады. Асхат Садырбай мен Ерке Есмаханның арасында бір ұлдары бар.

2

Еркін Нұржан

Бір кездері Аягөз арумен қосылған әншінің өзінен 14 жас кіші бойжеткенмен екінші рет отбасын құрғанына куә болдық. Әнші ажырасуының басты себебі қызғаныш болды деп дөп басып айтпаса да, қиындықтарының өнеріне байланысты болғанын жасырмады.

4

Дильназ Ахмадиева

Ал әнші Дильназ Ахмадиева бір кездері күйеуі Ахмадты қатты жақсы көретінін айтып, Жаратқанға алғыс айтып жүретін. Кейін “Соңымнан қаңқу сөз ергенін қаламаймын” деп екеуінің ажырасқаны туралы өзі баяндап берді. Мұндай шешім қабылдауының себебін бір-бірін түсіне алмай кеткендіктерімен байланыстырды.

5

Нұрлан Әлімжан

Жұбайы Жансаямен 2006 жылы танысып, небәрі үш күннен кейін отбасын құру туралы ұсыныс жасаған. Өкінішке орай, әнші махаббатының ғұмыры ұзаққа созылмады. Жарымен ресми түрде ажырасып, қатты қиналғанын да тілге тиек етті. Екеуінің арасында екі ұл мен бір қыз бала бар екен. “Адамгершілік шыдам ақыл болмаған жерде шаңырақ шайқалады” деген әнші жары туралы еш жаман сөз айтуға қимайтынын да айтты.

6

Ерлан Орынбасаров

“Жалғыз аққу” туралы әнімен танылған әнші бір кездері өзі де жалғызсырап жүрген-ді. Отбасы туралы мүлдем сөз қозғағысы келмейді. Тіпті, журналистердің осыған байланысты сұрақтарынан да шаршағанын айтқан болатын. Орынбасаровтың айтуынша, ажырасу кезінде қатты қиналып, жүйкесі сыр берген.

7

Сая Оразғалиева

Отандық телехикаялардан бой көрсетіп жүрген әнші 19 жасында тұрмысқа шығып, күйеуіне шекесі торсықтай ұл сыйлаған. Араларында бір балаларының бар екеніне қарамастан, қос ғашық ажырасып кетуге мәжбүр болады. Күйеуі бір кездері “Жоғары білімің де жоқ, менімен тең дәрежеде сөйлесу үшін алдымен оқып ал” деп сынаған көрінеді.

8

Асхат Тарғын

Небәрі 22 жасында шаңырақ көтерген әнші осыдан он жыл бұрын жарымен ажырасқан. Отбасылық өмірдің алғашқы бір жылы ойдағыдай өтіп, кейін қызғаныш сезімі бақыттарына кедергі жасайды. Дәл қазір әншіні өткен өмірімен байланыстыратын 11 жастағы қызы бар.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

12
Комментариев
  • Анонимно)) says:

    Сая мықты бол!жастар сізбен бірге! Кереметсің апатай! Иа көзі мөлдіреп,аз қиналмаған шығар! Енді сідің дəрежеңізге жетіп көрсін

  • Анонимно says:

    саяның жүрегі қатты жараланғаны жанарынан көрініп тұрады. Өкінішті

  • Анонимно says:

    Асхат Таргынның өзінің әйелі туралы “ол баска әлем, ал мен басқа әлеммін” деп айтқан сөзінен кейін оған деген сый құрметім мүлдем жоғалып кетті. оның бұл сөзінен қызының анасы болып табылатын адамды өзінен төмен санап тұрғаны кәдімгідей байқалады. ал өз баласының анасы туралы сондай жағымсыз пікір білдірген еркектерді жақсы адам деп айта алмаймын. ажырасса да олай айтпау керек еді. Мәселен, Нұрлан Әлімжан дұрыс жасйды. Әйелін жамандыққа қимаймын деуі нағыз азаматтық дер едім.

  • Жұмбақ жан says:

    Казактын кызы бир рет бети ашылады мадинаныки екирет ашылдыгои

    • Жұмбақ жан says:

      Нуржан алимжанда ажыраскан ба.окиништи.

  • Жұмбақ жан says:

    .бир бала туып ажырасады соитип акшалы Адам тауып озин арамдап журеди тексиз баласымен

  • Жұмбақ жан says:

    Осындай аншилерге мухаббат туралы ан салдырмау керек мухаббатка сенбеитиндергой олар не ушын аитады екен сонда мухаббат туралы ан

  • Жұмбақ жан says:

    Дурыс болган екен

  • Жұмбақ жан says:

    Сендерде осы басқа шаруаларың жоқпа біреу ажырасып жатырдеп.

  • Жұмбақ жан says:

    Бактты Болу ар еки адамгада ортак. Бир бирин тусинип сйласа билмесе акша мансап конилди жубата алмайды….баринин оз талгамы бар тамаша жандар..ендиги гумыры бакытка толы болсын!!!

  • Ерке says:

    анши де актер да адам баласы семья болгансын кызганыш болады ол ар отбасында бар ,беталды кызганбай осындай елинин елеули бетке устар азамат азаматшалардын жары екендигине мактан туту керек. ажыраскан жаксы емес, ажырасып бакытты болган адамдар бар бирак 100 пайыз бакытты болгандары жок биринши багына жетери жок .бул менин жеке пикирим жане ойыма туйгеним

    • Жұмбақ жан says:

      Өмір болғансың бари болады бес саусақ бирдей емес сондыктанда осындай нәрселерді журналистеримиз қашан қояр екен

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар