Қазақ эстрадасындағы ерте шаңырақ көтерген жұлдыздар

Бейсенбі, 3 Наурыз , 2016 17:16

Сұлу да сымбатты, өжет те қайсар спортшылар мен актерлердің, сұлулық байқаулары жеңімпаздарының, әнші қауымының жар таңдауға асықпайтынына көзіміз әбден үйренгені рас. Олар әдетте бар назарын мансап жолына бағыттайды. Алайда елімізде махаббаттың қай жаста да махаббат екенін дәлелдейтін жұптар бар. Оларды назарларыңызға ұсынамыз.

image

Мұндай тізімді Pandaland журналы құрастырған екен.

ХХ ғасырға дейін қазақ халқы үшін ерте жаста шаңырақ көтеру – қалыпты нәрсе болатын. Аузының сүті кеуіп үлгермеген бозбалаларға аналары қалыңдықты өзі таңдаса, қыздарды небәрі 13 жасында тұрмысқа беретін болған. Ал қазіргі таңда кәмелет жасқа толмайынша шаңырақ көтеру қылмыс саналып, заңмен қудаланады.

p3Kk24uifLs

Айнұр Төлеуова мен күйеуі Мұхаммед

19 жасында тұрмысқа шыққан

“Мисс Қазақстан – 2011” байқауының жеңімпазы Айнұр Төлеуованың сұлулығы көпшілікті тамсандырғаны рас. Бойжеткен “Әлем аруы” байқауына қатысқан соң сәнбикеліктен біржолата кетіп, бар назарын отбасын құруға бағыттайды. 2014 жылы тұрмысқа шыққан Төлеуова өткен жылы ана атанып үлгерді.  Айта кететіні, еліміздің ең сұлу аруларының бірі босанған соң дене сымбатын бірден қалпына келтірген.

нурали

Нұрәлі Әлиев пен Аида Имашева

18 жасында отау құрған

Елбасымыз өзінің немересі Нұрәліге “Не болды? Жақсы көресің бе?” – “Жақсы көремін”. – “Ата-анаң қарсы ма?” – “Қарсы”. – “Сен еркек емессің бе?” – “Еркекпін” – “Әркімнен бір сұрамай, бар да үйлен” деген сөздері көпшіліктің жадында. Әлиев мектепті бітіре салып отбасын құрғысы келген кезде ата-анасы түбегейлі қарсы болған екен. Алайда атасы немересіне дұрыс шешім қабылдауға көмектесіп, қолдау көрсеткен. Дәл қазір 30 жастағы Нұрәлі 4 баланың әкесі.

серик

Серік пен Мөлдір Сәпиевтер

21 жасында шаңырақ көтерген

29 жасында олипиада чемпионы атанған Серікті жұбайы Мөлдір әрдайым қолдап, жеңістерге шабыттандырып отырған. Халық Серікке “ең тартымды жігіт” деп баға берген кезде, жары “өзгелері қарап іші күйсін” деген болатын. Қос ғашық дәл қазір үш баланы тәрбиелеп отыр.

1427749915o28mh

Рахат Тұрлыханов пен Жәмиля Әбілова

19 жасында шаңырақ көтерген

Рахат Тұрлыханов 2000 жылдары отандық шоу бизнестің төрінен орын алып, қыз қауымының жүрегін жаулаған болатын. Артынша басқа салаға ауысады. 19 жасында Болат Әбіловтің қызы Жәмиляға үйленеді. Бүгінгі таңда Тұрлыханов екі баланың әкесі.

кайрат

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдукәрімова

18 жасында шаңырақ көтерген

Еліміздегі ең танымал әншінің 18 жасында үйленгенін көп адам біле бермейді. Білсе де сенгісі келмейтін қыз қауымы бар. Қайрат Нұртастың айрандай ұйыған отбасы төрт баланы тәрбиелеп отыр. Алау, Сезім есімді қыздары мен Нарұлы, Хан атты ұлдары бар.

Ерте шаңырақ көтерген жұлдыздардың тізімі осындай. Бұл туралы сіздің пікіріңіз қандай? Ерте шаңырақ көтерудің пайдасы бар ма?

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

4
Комментариев

Пікір қалдыру


Таңсұлу
6 ай 13 күні кері

Негізінде ерте шаңырақ көтерген дұрыс деп ойлаймын.Бірақ өзім 27жасымда тұрмыс құрдым. Кәзір 42де мін,бес балам бар. Бесіншісін 42 жасымда тудым.

Жұмбақ жан
6 ай 3 күні кері

дых

Жұмбақ жан
8 ай 29 күні кері

я ерте ексең ерте жемісін жейсін

Жұмбақ жан
9 ай 3 сағат кері

Тамаша!!!

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
04.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар