Салтанат Қалиева: Балаларым «тамақ» деп жылағанда не дерімді білмеген күндер көп болды
Белгілі тележүргізуші әрі аткриса Салтанат Қалиева жас кезінде басынан өткен қиыншылықтарымен бөлісті. Танымал журналист бүгінгі жетістігінің бір-ақ күнде аспаннан түсе салмағанын жеткізді.
Бұл туралы «Жұлдыздар отбасы» басылымы жазды.
18 жасында тұрмысқа шыққан Салтанат ол уақытта, тіпті, ас әзірлеу білмегенін айтып берді. Бағына орай, енесі мен абысынының арқасында тез-ақ үй шаруасына мығым әйел бола шыққан. Абысыны ата-енесіне қарайлап, Салтанаттың жұбайымен бірге қалаға көшуіне, қызмет атқаруына жол ашқан.
Десе де, қалаға келгеннен кейін қос журналист бірден «жұлдыз» бола қоймаған. Салтанат Қалиева талай пәтердің табалдырығын тоздырып, аш-құрсау кезеңді бастан өткергенін айтып берді.
«Жолдасым 20-да, өзім 18-де болғанда отбасын құрдық. Бірден жайлы өмір бола қойған жоқ. Біз де аштықтан, талай қиыншылықтан өттік. Алматыға келгенде талай пәтердің табалдырығын тоздырдық. Балаларым қазанды нұсқап, «тамақ» деп жылағанда не дерімді білмеген күндер де өтті. Бірақ жүзімізді төмен салып, біреудің алдына барып ақша сұраған емеспіз. Жолдасым Бағдат екеуміз таңертек жаңалықтар жүргізсек, кешке таксист болдық. Бағдаттың жалғыз өзін жіберейін десем, рэкеттердің дәурені жүріп тұрған 90-жылдар, қорқамын. Кешкі ас-суымызды ішіп аламыз да, балаларды тастап, түнімен «таксовать» етеміз. Тапқанымызға азық-түлік алып, таңертең қайта жарқырап жұмысқа кетеміз. Сөйтіп жүріп бүгінгі күнге адал еңбекпен жеттік», – деді ол.
Айта кетейік, танымал тележүргізуші үш қыз, екі ұл тәрбиелеп отырған көпбалалы ана.
Жіберіп алмаңыз:
Ұлықпан Жолдасовтың шын есімін білген желі оқырмандары таңғалып қалды
Ақбота Сейтмағамбет: Ешкімнің отбасын бұзған жоқпын
Динара Адам Баян Есентаевамен не үшін араздасып қалғанын айтып берді
Гүлнұр Оразымбетова тал шыбықтай белін көрсетті (видео)