Салтанат Бақаева сүйіктісімен бірге Парижде демалып жатыр (фото, видео)
Салтанат Бақаева биылғы жазғы демалысын Францияның Париж қаласында өткізуді жөн көрген екен.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Жаз басталысымен шетелге асығатын қазақстандық жұлдыздар биыл елде қалды. Бұған ЭКСПО аясында өтетін көптеген шара себепші болып отыр. Десе де, әнші Салтанат Бақаева осы жазғы демалысын ғашықтар қаласында өткізуді жөн көрген екен. Бұл жолы күйеуі екеуі Франция еліне саяхаттап кеткен-ді.
Әнші аталған елге барарда әдемі киімдерін ала барғанын айтып жатыр. Мұнымен қатар, сүйіктісі екеуі алдын ала қандай мәдени ошақтарды аралап шығатындарын жоспарламаған екен.
Ғашықтар қаласындағы демалыстары енді ғана басталғандықтан, әнші отағасымен бірге Париж қаласында әлі біраз күн болмақ. Желі қолданушылары оларға өз кезектерінде демалыстарының сәтті өтуін тіледі.
Жіберіп алмаңыз:
Жуырда ана атанған Ақбота Сейтмағанбет шаш үлгісін өзгертті (фото)
Қырғызстандық тыңдармандар: Осы күнге дейін Қайрат Нұртастай қарапайым әнші көрмедік
Қуандық Рахым маймылдармен тілдескісі келіп жүргенін айтып күлдірді
Шілде айында қазақстандық кинотеатрлардан көрсетілетін үздік фильмдер (фото, видео)