AAPL
148.79 $
-0.16 %
TSLA
756.99 $
0.15 %
NDAQ
195.43 $
-0.21 %
GOOGL
2872.2 $
-0.57 %
FB
373.06 $
-0.23 %
FRHC
60.86 $
-0.31 %
AAPL
148.79 $
-0.16 %
TSLA
756.99 $
0.15 %
NDAQ
195.43 $
-0.21 %
GOOGL
2872.2 $
-0.57 %
FB
373.06 $
-0.23 %
FRHC
60.86 $
-0.31 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Салтанат Бақаева: Кейде балаларымнан шаршап, SPA-ға кетіп қаламын

Салтанат Бақаева балаларынан шаршайтынын айтып, оқырмандарына ағынан жарылды. Әнші әрі актриса ондай кезде перзенттерін ата-енеге тастап, өзіне демалыс жариялайтынын жасырмады. Бақаева ресурсты күйді қалай қалыпқа келтіретінін айтты, деп жазады Stan.kz.

"Мен сендерге бір нәрсені мойындағым келеді. Мен кейде балаларымнан шаршаймын және осындай сәттерде (бұл дұрыс па, жоқ па білмеймін, әрине) оларды ата-енеме қалдырып, өзім мейрамханаға немесе спаға кетіп қаламын.

Әрине, мен өзімді сол үшін кінәлі сезінем. Мен қазір дәмді тамақ жеп отырғанымда, балаларым жөндеу жұмыстары жүріп жатқан үйде, шаң астында отыр деген ойлар маза бермейді.



Адамның ойы мың түрлі емес пе, дегенмен, кез келген адам ең алдымен, өзін ойлау керек, тіпті самолётке отырған кезде алдымен масканы өзіңізге тағыңыз, содан соң балаңызға тағыңыз деп айтып жатады! Меніңше, біреуге бақыт сыйлаймын десең ең алдымен, өзің бақытты болуың керек!

Қыздар, осындай оймен жүретін мен жалғызбын ба әлде оқырмандарымның ішінде менің ойыммен келісетіндер бар ма?", – деп жазба қалдырды ол Instagram-да. 

Бақаеваның бұл жазбасы балалы келіншектердің назарын аударса керек, қызу талқыға түсті. 1 сағатта 500-ден аса адам пікір қалдырып, 10 мыңнан аса оқырман "лайк" басқан. Көпшілігі Салтанатпен келісетінін жазыпты. 

"Әрине, ана бақытты болса, бәріне нұрын шашады", "Иә, кейде шаршаймыз. Әйелдер бәрін тастап, бір жақтарға кетіп қалғың келеді", "Мен кейде қыдыруға анау-мынау алатын кезімде, тәтті алып жейін десем бірінші қыздарым есіме түседі да, қойшы су іше саламын, сол тәттіні көп етіп алып, үйге қыздарыммен бірге жеймін. Тамағымнан өтпейді қыздарымсыз. Мен бірінші кезекте балаларымды бірінші орынға қоямын. Мейлі бұл дұрыс болсын, бұрыс болсын", "Сізбен келісемін, мен 4 баланың анасымын. Бірінші өз амандығымды ойлаймын, себебі балаларымның жетім болғанын қаламаймын", – деп жазды олар.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр