AAPL
145.37 $
-1.05 %
TSLA
791.36 $
2.19 %
NDAQ
195.78 $
-0.51 %
GOOGL
2821.44 $
-0.8 %
FB
353.58 $
0.18 %
FRHC
64.3 $
-0.36 %
AAPL
145.37 $
-1.05 %
TSLA
791.36 $
2.19 %
NDAQ
195.78 $
-0.51 %
GOOGL
2821.44 $
-0.8 %
FB
353.58 $
0.18 %
FRHC
64.3 $
-0.36 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Салтанат Бақаева ақын қызбен дауға қатысты: Қазір өз сөзінде тұратын адамдар жоқтың қасы

Әнші Салтанат Бақаева мен жас ақын Назерке Семей екеуінің арасындағы дауға нүкте қойылғанымен, әнші қыз бұған қатысты өз ойын жазды. Ол өзгелерді сақ болуға шақырды.

Салтанат Бақаева

Салтанат қазіргі уақытты сөзінде тұрмайтын адамдардың көбейіп кеткенін айтып, өзі түскен оқиғадан өзгелерді сақтандыруға тырысты. Ешкімге сенбеуге болмайтынын айтты.

“Негізі xалық екіге бөлініп, бірің жамандап, бірің жақтап жатқан көңілдеріңізге рақмет. Назерке Семей кезінде тегін берген сөзі үшін араға 2 жыл салып ақысын талап етті! Мен заңгеріммен ақылдаса отырып Назеркенің ақысын төледім! Әнді заңды түрде иелендім. Құрметті менің әріптестерім, мен түскен оқиғаға түсіп қалмаңыздар, өйткені қазіргі уақытта өз сөзінде тұратын адамдар жоқтың қасы.

Әрине осы оқиғаны елге жарияламас бұрын маған xабарласса, барынша өзара шешімін табуға тырысатын едік. Не істесек те ең алдымен ойланған абзал”, – деп жазады Салтанат желіде.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақ эстардасында шырқалып жүрген 100-ден аса әннің авторы, жас ақын Назерке Семей күні кеше әнші Салтанат Бақаеваға ренішін жеткізіп, ұзату тойларында хитке айналған «Әгугәй, құрбым» әнін жазып бергені үшін бір тиын да алмағанын айтқан еді. Алайда Салтанат жас ақынға жауап беріп, “ешкімнің ала жібін аттамадым” деді. Артынша Салтанат Бақаева жас ақынды татуласуға шақырған еді. 50 мың теңге үшін басы дауға қалған Салтанат Бақаева ақын қызға қомақты көлемде ақша төлеп құтылған.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр