Қанша төлеуім керек: 50 мың теңге үшін басы дауға қалған Бақаева өзін айыптаған ақынды татуласуға шақырды

50 мың теңге үшін басы дауға қалған Салтанат Бақаева жас ақынмен арадағы жайттың басын ашып, тағы да түсініктеме берді. Өз сөзінде әнші өзін айыптаған Назерке Семейді татуласуға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Салтанат Бақаева

«Басқа басқа, дәл мен біреудің ақысын жеу былай тұрсын өз ақымды ала алмай қалатын кездерім болады.

“Әгугай, құрбым” деген әнді бір-ақ күнде Шырын атты құрбыма арнап шығартқанмын. Ол кезде бүгінгідей хит боларын мен де, сазгер де білгеніміз жоқ. Ерхан атты бұрыннан сыйластығымыз түзу сазгер жігітке ойымды айтып ем, сөзге келмей бір түнде жазып берді. Рахмет. Әнге ақша алмады. Сөзін сол Ерхан Назерке деген ақын қызға жаздыратынын, «ол қыз тегін мәтін жазып беретін болды» деді. Мен қуанып, алғысымды айтып кеттім. Отбасылық жағдайыма байланысты үйде баламен отырдым да, ән енді ғана хитке айнала бастады. Әнге бейнебаян түсірдім. Авторларын жүрген жерімде айтып, жаздырып жүрдім. Бұл ән шыққалы екі жыл. Арада бір жыл өткенде Назеркемен тағы да шығармашылық байланыс орнатпақ ниетпен “Әдемі-ай” деген әніме сөз жазып берсе деп хабарластым. “Әдемі-ай, әдемі-ай” деген тақырып ең алғаш сазгер Ерханның аузынан шыққан. Маған әнді таныстырып, айтып беріп жатқан кезде еді.

Назерке бұл жолы мәтін жазуға 50 мың теңге сұрады. Ол дұрыс та. Ақысы бар. Бірақ менің дәл сол сәтте бүгінгідей тойым да, кірісім де жоқ еді. «20 мың теңге берейінші», – дедім. Ол келіспеді. Әңгіме осымен тәмәм.

Арықарай Дулат деген ақынға сол ақшаға “Әдемі-айдың” сөзін жаздырдым. Көңілдегідей шықты», – деп жазды Бақаева Instagram-парақшасында.

Салтанат Бақаеваның сөзінше, жас ақын Назерке Семей осыған ұқсас себеппен би ансамблімен де соттасып жатқан көрінеді.

«Арадан біраз жыл өткен соң ол: «Неге сіз ән хит болған соң маған хабарласып «рахмет» айтпайсыз?», «Неге 50 мыңды төлемей, басқаға жаздырдыңыз?» –  деп, қисынсыз мынадай жанжал шығарды. Естуімше, Павлодар қаласындағы бір би ансамблімен де осылай соттасып жатыр екен.
Әйтпесе осыдан жарты жыл бұрын тағы да сол Ерхан (сазгер) арқылы “Әгугай” әнінің минусын сұратыпты. Сөзге келмей бердім.

Өзіме неге шықпады? Осы дауды жасамас бұрын: «Салтанат әпке, баяғы тегін жазып берген әніме мынанша ақша төлеңіз, төлемесеңіз жазамын, болмаса сотқа беремін…», – деп айтпайды? Мен «не жасасаң оны жаса» десем, әңгіме басқа», – дейді әнші.

Өз сөзінде Бақаева ақынның өзіне жала жауып отырғанын айтты.

«Назерке, сен – әлі жап-жас қызсың. Қазақта классик, мықты жазатын ақындар көп. Соның талайы тегін жазып беріп те жүр, шын көңілдерімен. Біз де қолдан келгенше өтінішін орындаймыз.

Алма-кезек дүние. Сен ұзатылып, «мені өзім сөзін жазған әніммен ұзатсаңыз» дегеніңе бас тартсам немесе маған хабарласқанда танымай, жауап бермей, көңіліңе тисем, онда менде сана жоқ болар еді, расында… Сен тек өтіп кеткен және барлығы келісіммен жасалған дүниені қайта жаңғыртып, “жаптым жала” жасап отырсың», – дейді Салтанат.

Сөз соңында Бақаева жас ақыннан «Әгугәй, құрбым» әні үшін қанша ақша талап ететінін сұрап, татуласуға шақырды. Қазақтың екі қызы қырқысқаннан пайда жоқ, дейді ол.

«Мен – әншіден бұрын анамын. Үмітім бар. Осыған дейін ешкімге опасыздық жасағам жоқ, жасамаймын да. Үш баладан соң шыны керек енді ғана ес жиып, жан-жағыма қарай бастадым. Жолымыз тоғысып жатса, алғысымды да айтар едім, маңдайыңнан сүйіп ұзатар едім. Бір әпкең болып жүрер едім. Сөз соңында айтарым, әлі де болса мына тартысты тоқтатып, татуласайық. Бұл бәрібір жас адамдарға жақсы қасиет емес.

Ән хит болса, сазгердің де, менің де, сенің де үлесің бар. Ешкіммен ұрысып, таласуды мүлдем ұнатпаймын. Мен саған қанша ақша төлеуім керек, баяғыда өзің тегін жазып берген “Әгугай, құрбым” әнінің сөзі үшін? Болды, осыны айтшы, Назерке. Қазақтың екі қызы қырқысқаннан пайда жоқ. Ал өзге адамдарға әңгіме, сөз, ермек керек.

Мен әлі ешнәрсе түсінбедім, шыны керек… Бірақ, пәле іздеп арыға барғым жоқ», – деп түйіндеді Салтанат Бақаева.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақ эстардасында шырқалып жүрген 100-ден аса әннің авторы, жас ақын Назерке Семей күні кеше әнші Салтанат Бақаеваға ренішін жеткізіп, ұзату тойларында хитке айналған «Әгугәй, құрбым» әнін жазып бергені үшін бір тиын да алмағанын айтқан еді. Алайда Салтанат жас ақынға жауап беріп, “ешкімнің ала жібін аттамадым” деді. Мұнан кейін танымал журналист Бибігүл Дәулетбекқызы Салтанат Бақаеваның өтірігін әшкерелеген еді. Сонымен қатар әнші Меруерт Түсіпбаева басы дауға қалған Салтанат Бақаеваны сынға алып, аты дардай актер Тұңғышбай Жаманқұовтың келіні үшін мұндай әрекеттің ұят екенін айтты.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар