Қазақстанда ерлі-зайыпты жұмыс туралы хабарландыру таратқаны үшін 4 жылқа сотталмақ
Өскеменде ерлі-зайыпты қаладағы аудандардың бірінде есірткі сайттарын жарнамалайтын парақшалар іліп жүрген жерінен ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: polisia.kz
Заттай айғақ ретінде 41 жастағы ер адам мен 28 жастағы әйелден есірткіні жарнамалайтын парақшалар алынды.
Күдіктілердің айтуынша, бұл парақшаларда тыйым салынған дәрі-дәрмектерді сататын интернет-дүкендер туралы ақпарат жазылғанын білмеген. Әйел адам бұл “тапсырманы” жұмыс берушіден алған, ол оған брошюраларды қала бойынша жапсыру керегін айтқан. Еңбек жағдайымен келіскен ол күйеуін өзімен бірге жұмыс істеуге шақырған.
- Ақтауда қаскөйлер ерекше қажеттігі бар жандарды қайыр сұрауға мәжбүрлеген
Ерлі-зайыпты таратқан жарнама парақшасында “Салымсыз жұмыс” деп жазылған екен.
Қазір күдіктілерге қатысты есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын тұтынуға көндіргені үшін қылмыстық іс қозғалды. Ерлі-зайыпты тұрғындар төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Бұған дейін Алматыда 10 жасар баланы зорламақ болған ер адам ұсталған еді.

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
