Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ішкиіміне қол салған": Алматыда 10 жасар баланы азғындамақ болған ер адам ұсталды

Алматыда баланы азғындамақ болған күдікті ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тұрғындар жіберген фото

45 жастағы ер адам 10 жасар баланы пәтеріне кіргізіп, тиіспек болған. Бірақ бала пәтерден жүгіріп шыққан. Бейнебақылау камераларына бұл түсіп қалған. Баланың анасы осы видеоны желіге жүктеп, қоғамдық резонанс тудыруды сұрады. 

Әйелдің айтуынша, баланы зорламақ болған күдікті бірден ұсталған, десе де полиция қызметкері одан арыз жазбауды өтінген көрінеді. Содан кейін ер адамды келесі күні босатып жіберген. Бір топ тұрғын үйдің алдына шығып, бұған қарсы шықты. Олар полиция бөлімшесіне бет алып, мәселені шешуді талап еткен еді. Осыдан соң ер адам қайтадан қамауға алыныпты. 

Алматы полициясының баспасөз қызметі сексуалдық зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Күдікті қамауға алынды, іс бойынша басқа да мән-жайлар анықталып жатыр”, – деп мәлімдеді Алматы ПД баспасөз қызметі.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыдағы Алмаситиде ер адам баланың қолын өз ішкиіміне салып, жатқызып алғаны айтылды. Бала дереу қашып құтылды, баланың анасы Stan.kz тілшісіне жағдайды мәлімдеген еді.

Талқылау