Сақтандыру қорының "сүйкімсіз" басшысы қандай көлікпен жүретінін айтты
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқармасының жаңа төрағасы Болат Төкежанов өз автокөлігінің маркасын атады ,деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Төкежановтың айтуынша, қор басшысы лауазымына тағайындалғаннан кейін оған берілген қызметтік автокөлік - KIA маркалы темір тұлпар.
Айта кетейік, Төкежановтан алдынғы қор басшысы Айбатыр Жұмағұлов жұбайының әлеуметтік желіде төрт жыл алдын жариялаған жазбасының төңірегінде туындаған дауға байланысты қызметтінен шеттетілген болатын.
Қазір сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының бұрынғы басшылығына қатысты жемқорлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
Соған қарамастан, президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында Жұмағұловты қызметінен босатуды бұйырды. Мемлекет басшысы қорды басқару үшін «іскерлігі жоғары және сүйкіділігі төмен адам» тағайындалуы керек деді.
Тоқаев медициналық сақтандыру қорының басшылығынан босатуды тапсырды.
Болат Төкежанов әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жаңа төрағасы болып тағайындалды.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
