Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сахна төрінде масқара болған жұлдыздар (фото)

Өнер әлемінде жүрген әншілер қауымының жолы тақтайдай түзу деп айтуға келмейді. Жұртшылықтың қолы жетпей жатқан жұлдыздың өзі оңбай қателесіп, елдің алдында ұятқа қалып жатады. Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ десек те, халық алдында бетінің оты шыққан өнер иелерін stan.kz  тізіп көрді. maxresdefault (3)

“Бірде студенттер сарайындағы концертте Ағайша апамыздың “Көкпар” деген әнін орындадым. Жанды дауыста айтуым керек болған. Музыка ойнап, сахнаға шыққан кезде сөздің басынан бастап бүкіл мәтінін ұмытып қалдым. Сосын әрі қарай өтірік сөздермен құрастырып шығуға тура келді”, – дейді танымал әнші Нұрлан Албан. maxresdefault

Көрермендерін оңбай алдап соққан топтардың бірі “Mysterions”. Бір қалаға концертке аттануы тиіс болғанда, топ мүшесі Арман Қоңырбаев ұшаққа үлгермей қалып, қалған екеуі кете барады. Одан соң ол қалаға барып, топтың екі әншісі Арманға ұқсайтын жігіт іздеп, оны тауып та алады. Алайда, Дильен ол концерттің қай қалада өткенін айтпады. Сірә, көрермендерден ұялған болуы керек. Әйтсе де, мұның өрескел өтірік екені даусыз. maxresdefault (3)

Ақын әрі асаба ретінде елге танылған Құрманай Бақтиярқызы тойда ән айтып тұрғанда, биге еліткен жас жігіт оны көтеріп алады. Алайда, жіңішке жігіт толықшалау келген Құрманайды көтере алмай, еденге құлап түседі. Дегенмен, Құрманай оған еш қысылмадым, құладым деп жылауға болмайды, дейді. maxresdefault (2)

Ел алдында үлкен сахнада ән айтып тұрып, құлаған әншінің бірегейі Серікбол Сайлаубек. Ән бастала салысымен, бір орында тұра алмай билей жөнелетін Серікбол, кілемнің үстіне шығып кетіп шалқасынан құлап түседі. Өзінің жайсыз жағдайға ұрынғанын көрермендерін көрмей қалып, шаң бұрқ еткен сәтте бір-ақ сезінген. maxresdefault (5)

Аңдамай қалып, абыройдан арыла жаздағандардың бірі “Азия” тобы екен. Концертте өздерінің әнін орындап болып, сахнаға дуэт орындау үшін Жеңіс Сейдоллаұлын шақырады. Алайда, ән біте салысымен Нұрсұлтан басын иіп, сахнадан шығып кете барады. Осы кезде сахнаға шығып келе жатқан Жеңіс Сейдоллаұлы топтың ең жасы кіші әншісін қолтықтап орта жолдан қайта алып келіпті. ExoPV5jTEtQ

Ал белгілі әнші Меруерт Түсіпбаева өнер көрсеткен үлкен концерттердің бірінде оның фонограммасы өшіп қалған. Біреулер мұны қасақана жасалған деп бағаласа, енді біреулер техникалық қателік деп болжам жасайды. Бірақ, әнші бүгінде сол оқиғаға қатысты мүлде пікір білдіргісі келмейді екен. photo_14576

“Жігіттер” квартеті де сахнада сәтсіздікті басынан кешірген. Әйтсе де, тым өрескел қателікке бой алдырған кезі болмапты. Бірде жарық өшіп қалып, төрт жігіт бір сағат бойы тірі дауыста домбыра, гитарамен ән айтып шыққан. Ал бірде олар “Жеңешем” әнін хабарлайды. Көңілді әнге халықты билеп, қол соғып отыруға да шақырып қойған. Алайда, техникалық қателік салдарынан салмақты әрі мұңды діни ән қойылып кеткен. Амал жоқ, тырп етпей төртеуі шырқап шығады. maxresdefault (1)

Талқылау