Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәкен Майғазиев өзінің атынан несие алып сатқындық жасаған досы туралы айтты

Сәкен Майғазиев өзін ренжіткен жандарға ешуақытта кек сақтамайтынын айтып жатыр. Олардың сатқындықтарын ұмытып кетеді екен. Тіпті, бір кездері өзінің атынан үлкен сомада несие алған досының кім екенін анықтаудан бас тартқан-ды.

19985617_1617838961561610_3365260850993561600_n

Фото: Сәкен Майғазиевтің жеке архивінен

Бұл туралы “Әйел бақыты” бағдарламасында айтылды.

“Адамның бір есімі – Инсан. Ол – “ұмытшақ” деген сөз. Шындығында, бәріміз ұмытшақпыз. Кейбіреулер өзінің өзгені сатып кеткенін байқамай да қалады. Пендешілікке салынуы мүмкін. Бірақ, көзіңді шұқып тұрып, буынсыз жерден пышақ ұрып, белден басқан оқиға болған жоқ. Тек айтқан уәдесінде тұрмай сол күйі қарыз болып кеткен адамдар бар. Аллаға шүкір, өз нанымыз өзімізге жетіп жатыр ғой деп шүкіршілік қылып, кешіре саламыз. Алла кешірімді болған соң, біз де кешірімдіміз.

Шынымды айтсам, өзімді кек сақтайтын адамдардың санатына жатқызбаймын. Дүниеге бола жүрегімді ауыртып көрмеппін. Бір кездері, тіпті, миллиондарды жоғалттым. Көптеген адамдардың сатқындығы мен өзіме жасаған опасыздығын көрдім. Бірақ, мән бермеймін, ұмытып та кетемін. Менің атымнан біреу нотариусте қол қойып, банктен үлкен ақша алған екен. “Сіз танитын достарыңыздың бірі сондай қадамға барды. Кім екенін білгіңіз келе ме?” деді. Мен бас тарттым”, – дейді Сәкен Майғазиев.


Жіберіп алмаңыз:

Ерке Есмахан ұлын шемішке жарнамасына түсірді (фото)

Тыңдармандары Өмірқұл Айниязовтың келіншегінің ән салғанын естіп таңдай қақты (видео)

Майғазиев сапардан оралғанда қыздарының қалай күтіп алатынын айтып жұрттың жүрегін елжіретті

Қайрат Нұртас: Орысша еркін сөйлеймін. Өйткені, Алматыда 27 жыл тұрдым

Талқылау