Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәкен Майғазиев дінге қалай бет бұрғанын айтып берді

Көптеген адамдар қиын жағдайға тап болған соң, намазға жығылады, ал менде керісінше болды! Бұл 7 жыл бұрын дінге бет бұрған Сәкен Майғазиевтің сөзі. Әнші Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында қандай жағдайда намазға жығылғанын әңгімелеп берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Майғазиев бір кездері намаз оқығанды жариялаған дұрыс емес деп ойлағанын айтады. Себебі әркім өзі үшін құлшылық жасайды дейді әнші.

“Бұл сұрақтан қашқақтаған кездерім болды. Айтпай-ақ қояйын, әркім өзі үшін құлшылық жасайды. Иман деңгейін әркім өзі біледі. Оны жарияға жар салып керегі жоқ деп есептеймін. Біреулер айтады: “Сәкен аға, сіз намаз оқимын деп айтсаңыз, қанша адам намаз оқып кетер еді”, – дейді. Бірақ ол мен үшін оқымау керек. Ол өзі Алланы танып, сезініп келуі керек. Бірақ енді менің иман деңгейім 100 пайыз жоғары деңгейде тұр деп айта алмаймын. Әлсізбіз, ұмытшақпыз, пендеміз, көзіміз тоқтамайды, сабырсызбыз. Әлі де өзімді тәрбиелеуге тырысып келе жатырмын”, – деген Сәкен намазға қандай оқиғадан кейін келгенін әңгімелеп берді.

“2008 жылы “Музарт” тобының ән кеші болды. Ине шаншар жер болмады, үш күн қатарынан концерт бердік. Концерттен кейін бүкіл ағайын-туысқандарымыз келді, төрт көзіміз түгел, анам бар, құлыншағым Әділетім жүгіріп жүр, адал жарым бар. Концерттен кейін салтанатты кеш жасап, мейрамханаға бардық. Қуанып отырып, бақыттан басым айналардай болып, өз-өзіме сыймай кеттім. Сосын жан-жаққа қарап тұрып, іштей Алламен тілдестім десем де болады.

Я, Раббым, бұдан артық қандай бақыт керек? Қаумалаған ағайын, халқым алақанына салып жатыр, Алла басыңа сана, жүрегіңе иман, деніңе саулық, өнер берді. Былайша айтқанда, Алла Тағалаға қалай разылығымды білдіремін деп тіл қаттым десем де болады. Исламнан артық не бар деп ойладым. Аллаға дүние де, көлік те, ақша да керек емес. Тек қана ғазиз басыңды Алланың алдында иіп: “Бүкіл жақсылық та, жамандық та сенен. Маған берген өнер де, адал жар да, ұл-қыз да бәрі сенен”, – деп өз-өзіме келдім. Болды Сәкен, бәрін тыю керек деп ойладым”, – деп әңгімеледі Майғазиев.

Әнші жұрттың оны сүттен ақ, судан таза деп ойлағанын қаламайды. Тек қолда мүмкіндік барда, бар білгенімен бөліскенді құп көреді.

Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

Асхат Тарғын өзін сынап, той әншісі,талғамсыз деген Тоқтар Серіковті ұялтып тастады (фото,видео)

Назарбаев Данелия Төлешованың өнеріне тәнті болды

4 жыл бала сүйе алмаған Құралай Мирасты тастап кетпекші болған

Мейрамбек Бесбаевтың жары алғаш рет әншінің ауыр дерті жайлы шындықты айтты

 

Талқылау