Сәкен Майғазиев әйелдерін құрметтемей, сараңдық танытатын ерлерді сынап тастады
Жанұялық өмірде 20 жылдан астам тәжірибесі бар Сәкен Майғазиев бүгінде нәзік жандыларды құрметтеуге келгенде сараңдық танытатын ер азаматтар жайлы сөз қозғады. Stan.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген Музарттық әншінің бұл тақырыпты тілге тиек етуі де тегін емес болып шықты.
«Айхаймен, таяқпен ештеңе бітіре алмайсың. Сондықтан менің жастарға беретін кеңесім де сол. Мен жігіт екенмін, әйелдеріне қарап “үй келсей, отырсай, тұрсай, анау-мынау” деген әңгімелерді қою керек. Содан кейін отырыста қатты көңіл бөлу керек. Жастардың жіберетін қателігі сол. Баспалдақтан өзі әрең етегін көтере алмай келе жатқан келіндерімізді көреміз. Өзінше, қоқиланып әйелінде жұмысы жоқ, бірнеше метр алдыға шығып, кетіп бара жатады. Егер қиын кезде, қырға шыққанда қасынан табылмасаң несіне оның адал жарымын деп есептейсің», – дейді Музарт тобының әншісі.
Сондай-ақ, Сәкен отбасылық құндылықты сақтаудың сыры әйел затында екенін еркектер қауымы естен шығармаса дейді. Қайда жүрсе де жанұясын жадында сақтайтын Майғазиев, әңгімесі таусылған жұбайларды талай мәрте көргенін айтады. Сондықтан, шаңырағы шайқалып, келеңсіз оқиғалардың орнын толтыру үшін, дер кезінде әрекет жасағаны жөн деп отыр.
«Белден басып, жұртқа жария қылып, әйеліне құрметсіздік көрсететін де азаматтар жоқ емес. Сол себепті әйел азаматшаларды аялы алақанда ұстап, еркелетуіміз керек, бабын табуымыз керек. Қанша ат үстінде жүрсек те отбасымызды ойымыздан тастамауымыз керек», – дейді Сәкен Майғазиев.
Сұхбат барысында ағынан жарылған Сәкен, отағасын құрметтеуде әйелдер қауымы да кенже қалмаса дейді. Сондықтан, ерін қолдаған әйелдің ертеңгі болашағы да бұлыңғыр болмайтынына сенімді.
«Әйел адамнан ер азамат бір саты жоғары тұру керек шартты түрде. Қай уақытта ер азамат ашуланып келеді, ол түзде жүреді. Қандай жағдай болмасын әйелдер күліп қарсы алса, барлығы бір сара жолға түсіп кете береді деп ойлаймын. Қатты сабырсыздық танытып кеткен кездерімізде ер азамат болып, мінезге басқан кездерімізде әйел азаматшалар мысалға еріне мойынсұну керек. Кешіре салу керек, түсіне салу керек», -деп Сәкен сөзін қорытындылады.
Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.
Жіберіп алмаңыз:
Той жасаудың қиындығын түсінген Арман мен Аша әріптестерінен кешірім сұрады (фото)
Қызылордада балабақша күзетшісі хиджаб киген келіншекті «Алтын күзді» тойлауға кіргізбей қойған
Актриса Назгүл Қарабалина “91” тобына ұқсаған гелзбенд құрды (фото)
Қызылордалық келіншек көп балалы ананың іш киімін ұрлап киіп, балалы болды
Тәуекел Мүсілім өзіне берілген оқу грантын мұқтаж жанға сыйға тартты (фото)