Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сақал-мұртын өсірген Жігер Ауыпбаевты жұрт танымай қалды

Сақал-мұрт қойған Жігер Ауыпбаевты жұрт танымай қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында сақал-мұрт қойған суретін жүктеп, жазба қалдырған. Өзінің жаңа образын халыққа ұсынып, жұрттан пікір сұрады әнші. Осылайша, Жігер Ауыпбаев стилін өзгерткісі келіп жүргенін байқатқан. 

"Сақал-мұрт жарасады деген пікір көп болса, фотоны қалдырамын. Жараспайды дейтіндер көбейсе, суретті өшіріп тастаймын", - дейді Жігер Ауыпбаев. 

Әншінің жаңа бейнесін көрген жұрт оны танымай әлек болған. Алайда, желідегілердің пікірі екіге жарылды. Бірі өнер иесіне осылай жүргенің әлдеқайда жақсы, сені жас көрсетеді екен деп қолдау танытса, енді бірі бұл образы тым нашар деп сөккен.

"Жарасады, жасарып кеттің", "Ажарланып тұрсың", "Елдің пікірін қайтесіз, жүрегіңіздің қалағанын жасаңыз", "Керемет жарасып тұр", "Түрік актерлері секілдісіз", "Алғашында танымай қалдым", - деп пікір қалдырды жұрт.

Алайда өнер иесіне түрің әбіржіп кетіпті, тым кәрі көрінесің, саған жараспайды деп сын айтқандар да жоқ емес. Олар да пікірлерін жазып, ойларын ортаға салған.

"Сен өзіңе ұқсамайсың, сникерс же", "Кәрі көрініп тұрсыз", "Жап-жассың не керегі бар", - десті олар. 

STAN.KZ
Жұма, 19 Шілде, 2019 09:30
Талқылау