AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сағынтаевпен бірге кортежде отырған кезде оқ тиіп, жарақат алған телеарна операторы президент грантын иеленді

Қазақстанда журналистика күніне орай “қаңтар” оқиғалары кезінде оқ тиіп, жарақаттанған “Алматы” телеарнасының операторы Диаскен Бәйтібаев марапатталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

марапат

Диаскен Бәйтібаевқа ел телевизиясын дамытуға қосқан үлесі үшін грант берілді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді. 

Айта кетсек, Бақытжан Сағынтаев Алматы әкім болған тұсында оның отырған көлік кортежіне қарулы шабуыл жасалған.Соның салдарынан жүргізуші қаза тауып, телеарна операторы жарақат алған. 

Еске салсақ, бұған дейін Сағынтаев өзіне жасалған шабуыл жайлы айтып берген болатын. 

"Қосымша күштер келіп, арнайы жасақ әкімдікті, алаңды тазартқанда, мен және штабтағы әріптестерім алаңға әкімдікке бардық. Содырлар бізге оқ жаудырды. Жан-жақтан оқ атылды, әрең құтылып шықтық. Жүргізушінің кәсібилігінің арқасында аман қалдық. Ол болмаса барлығымызды атып тастар еді. Бірнеше адам жарақат алды. “Алматы” телеарнасының жүргізушісі қаза тапты”, - деген еді ол.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр