"Сағаттап көремін": Боксшы Жаңқош Тұраров үнді киноларын ерекше жақсы көретінін айтты
Боксшы Жаңқош Тұраров үндінің киноларын жақсы көретінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі «Ережесіз әңгіме» бағдарламасына сілтеме жасап.
Жанқош шетелде жүргенде үнді киноларын көп көреді екен. Отанға, елге, жерге, отбасына деген сағынышын сейілтетін де осы кинолар көрінеді. Боксшы жабыққан сәттерде көңілін үнді киносымен аулап, ойын басқа жаққа аударуға тырысады.
«Шетелде болғанымда көңіл-күйім болмай, жалғызсырап, сағыныш бойымды билеген сәттер болады. Сондай уақыттарда үндінің киноларын қосып, сағаттап көре беремін. Жабығып, көп нәрсе көңіліме келген кезде ойымда басқа жаққа аудару үшін үндінің киноларын көремін», - дейді Жанқош Тұраров.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ