Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сағат санап, басым қатты": Гүлзира Айдарбекова жан тебірентерлік жазба жариялап, көпшілікті жылатты

Ұшақта төбелесіп, 15 тәулікке қамалған Қайрат Нұртастың анасы ұлына сағыныш жазбасын арнап, көз жасына ерік берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/gulziraaidarbekova/

Өнер өкілі абақтыдағы ұлының жолын күнде тосатынын айтып, жан сырын ақтарды.

“Әшейінде күндер зулап өтіп бара жатыр деп ренжуші едім. Кім ойлаған таңым да атпай, кешім де батпай, тоқтап қалғандай боларын. Әр сағат пен өткен күнді санап басым қатты. Алла күш-қуат берсін! Толассыз ағылып жатқан хаттарыңыз үшін аналық жүрегіммен алғысымды айтамын! Сынақ қой, ештеңе етпес, сіздер де жігерлі болыңыздар! Кімнің басынан не өтпейді. Иә, иә, бұлт артынан күн шығатынын ұмытпайық! Бес саусақ бірдей емес, бір ананың баласы мүгедек, бірі баласынан айырылып жатыр, бірі перзент сүйе алмай жүр, соның бәрін Алла тәубасына келсін деп көзіңе көрсетіп қояды екен. Иә тәуба, ең бастысы балам аман! Ана атаулы өз баласын қатты жақсы көрсе, ал ұлың сүйген жарын қатты жақсы көрсе, Алла сонысымен қатты сынайды екен. Көз жастарыңыз тек қуаныштан болсын!”, – деп жазды продюсер. 



Сонымен қатар Гүлзира Үсенқызы кезінде Бибігүл Төлегенованың Қайрат туралы айтқан пікіріне де тоқталды.

“Ана” әнінде ютубтан толық нұсқасын байқасаңыздар сахнадағы экраннан Бибігүл анамыздың суреті шығады. Тура сол кезде апамыз “Қайрат – жер” деп біраз сағын сындырып еді. Ұлым: “Қоя беріңіздерші, қарттық қой ештеңе етпес, Бибігүл анамызды да қосыңыздар, ол кісіге де арнаймын” деді. Сол кезде ұлымның жүрегінің кеңдігіне менімен бірге көмекшілеріміз де таңғалып, көзіне жас алып еді. Адамдар кейінгі кезде кекшіл, өсекшіл болып барады. Ел болып түзелеміз бе десек, күннен күнге лаулаған оттай өршіп барады. Бір қазақпыз, қанымыз да жанымыз да қазақпыз, неге ойланбасқа, ұрпағымыз бір қазақ емес пе?”, – деді өнер өкілі.

Еске салайық, Гүлзира Айдарбекова соққыға жығылған Қайрат Нұртастың досына қатысты пікір білдірді 

Талқылау