Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәдуақас Байғабылов жаңа қызметке ауысты

Сәдуақас Байғабылов Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бүгіннен бастап Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалды, - деді ол.

Осыған дейін ол көліктегі бас дәрігер қызметін атқарған.

Сондай-ақ, Сәдуақас Байғабылов Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы болды. Павлодар облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері, Атырау облысының бас санитариялық дәрігері қызметтерін атқарды.

STAN.KZ
Жұма, 20 Қараша, 2020 13:19
Талқылау