Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәбит Әбдіхалықты жас актерлер “нағыз ақымақтың пікірін айтады” деп сынады

Жуырда ғана Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрының директоры Сәбит Әбдіхалықов отандық басылымдардың біріне берген сұхбатында: «КВН-нен шыққандар әртіс болмайды» – деп сұхбат берген болатын.

Актердың бұл сөзі КВН түлектерінің де құлағына жеткен. Stan.kz тілшісіне сұхбат берген әзілкештер Әбдіхалықовтың сынына қатысты жауап берді.

«Менің ойымша бұл нағыз ақымақтың пікірі. КВН-нен шыққан жігіттерді олай бөлуге болмайды. Олардың арасында атақты актерлардан бөлек, мықты музыкант, керемет суретші, заңгер, қаржыгерлер де жетерлік. Олардың барлығы адамдар.

«Сен КВН арқылы танылғансың, әртіс бола алмайсың, сенің қолыңнан ештеңе келмейді» – деген қате пікір. КВН арқылы жұлдызы жанғандардың қатарында телевизияға еңбегі сіңген танымалдар да бар.

КВН-нен шыққандар әртіс емес деген дұрыс емес. Кім сахнаға шықты ол әртіс. КВН қойылымдары сахнада қойылады. Яғни, олар әртістер. «КВН-нен шыққандар әртіс емес» – деп пікір білдірген адамның санасы таяздау шығар», – дейді әзілкеш Нұртас Адамбай.

Қазіргі таңда қазақстандық көрермендерге «Мәссаған», «Ду қол шоколад», «Қызық Тimes» сынды бағдарламалары жақсы таныс Марат Оралғазиннің де Қазнетке қызу талқыға түскен тақырыпқа қатысты айтары бар.

«Өнердегі аға-әпкелеріміз КВН-ді мойындамайды. Бірақ менің түбегейлі ойым КВН – жоғарғы оқу орыны десек қателеспейміз.

Бұл жоғарғы телевизиялық академия десек қателеспейміз. Қазіргі таңда біздің қазақстандық экранда, ресейлік экранға қарайтын болсаңыздар сахна төрінде, кино саласында, телевизия саласында жүрген азаматтардың көбісі осы КВН-нен шыққан.

Олар тіпті кадрдан тыс сценарий жазып, режиссер ретінде, монтажер, оператор ретінде де өздерінің креативті ойларын жүзеге асырып жүр. Сондықтан мен өзімді КВН академиясының түлегі деп санаймын.

Қазіргі таңда телевизия, кино саласында сценарист, продюсер, актер, тележүргізуші ретінде қызмет атқарып жүрміз. Жалпы адам өзінің сүйікті ісімен айналысса, өнердің өркендеуіне үлес қосқанымыз деп білемін», – дейді Марат Оралғазин.

Ал, кезінде шығармашылық жолын «Шатақхана» жобасында бастап, кейін Қазақстанның намысын халықаралық деңгейде КВН сайыстарында қорғаған Дастан Қалдыбаев та әріпестерінің сөзін қолдайды. Көңілді тапқырлар клубы арқылы танылған актер үшін нағыз «әртіс» КВН түлектері…

«Нұрлан Қоянбаев, Тұрсынбек Қабатов, Құмар Лұқманов, Ақылбек Досжанов, Нұрдәулет Шертім олардың әрқайсысын «жұлдыз» деп айтуға болады.

Олардың телевизия саласына сіңірген еңбектері мен киноөндіріске қосқан үлестері орасан. Сондықтан сондай атқарып жатқан жұмыстарына қарап жоғары бағалауға тұрарлық деп ойлаймын», – дейді КВН-нен түлеп ұшқан Дастан Қалдыбаев.

Оқи отырыңыз:

Бюджет ақшасын жымқырды деп ұсталған Энергетика вице-министрі туралы не білеміз?

Астанада министрлер, шенеуніктер мен депутаттар қазақ тілі курстарына жаппай ағыла бастады

Атыраудағы жатақхана өрті: Аман қалғандар оқиғаның қалай болғанын айтып берді

АҚШ-та контрабандамен айналысқан Қазақстан азаматы ұсталды

 

Талқылау