Сабина Алтынбекова Универсиада алауын ұстаудан бас тартты
Әлемге танымал спортшы Сабина Алтынбекова Универсиада алауын ұстауан бас тартты.
Ақтөбе облыстық спорт басқармасының қызметкерлері Сабинаның Универсиада алауын ұстауға қатыса алмайтынын мәлімдеді.
Спортшы қыз мұны уақытының тығыздығымен байланыстырды.
Бұған дейін Нұртас Адамбайдың Универсиада алауын ұстаудан бас тартқанын жазған болатынбыз.
Қазіргі таңда Алматыда Универсиадаға дайындық жұмыстары ерекше қарқынмен жүргізіліп жатыр. Тіпті арнайы тікұшақтар дақарастырылған. Сондай-ақ, сайысқа қатысатын қазақстандық спортшылар тізімін де жария еткен болатынбыз. Ал мына сілтеме арқылы жеңімпаздарға берілетін сыйақы көлемімен де таныс бола аласыздар.
Талқылау