Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 7 айлық сәбиін еденге алып ұрған әйел аналық құқығынан айырылды

Алматы облысында сәбиін ұрған келіншек ата-ана құқығынан айырылды. Сотқа Талғар ауданының білім бөлімі осындай арыз түсірген болатын, деп хабарлайды Қазақпарат.

Естеріңізге салсақ, ашуға мінген ананың кішкентай сәбиін еденге атып ұрған бейнесі қоғамда дау туғызған болатын. Ол кезде безбүйрек ана азаматтық некедегі күйеуі мен енесін кінәласа, сотқа жеткен істе мемлекеттік айыптаушы оны ата-аналық құқығынан айрырып, 3 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.

7 айлық сәбиін еденге ұрған Марина Тюменцева және оның азаматтық некедегі жолдасы К. Овсянников  ата-аналық құқығынан айырылды. Сот қаулысына сәйкес,  М. Тюменцева балалары кәмелеттік жасқа толғанға дейін алимент төлеуге міндеттелді. Яғни, ол 19.01.2018 жылдан бастап  айлық табысының 1/3 бөлігін ай сайын балаларының жеке шотына жіберіп отыруы тиіс.

Ал оның азаматтық некедегі жолдасы К. Овсянников қызына ай сайын табысының ¼ бөлігін төлеп отыруы керек. Ал кәмелеттік жасқа толмаған үш баланы қамқорлыққа алып, оларды орналастыру мәселесі Талғар ауданының білім бөліміне жүктелді.

Тағы да оқыңыз:

Алматы облысындағы интернат оқиғасы: 10 жасар баламен жалаңаш жатқан тәрбиешіге қатысты жаңа дерек (фото)

Тараз түрмесінде қырғызстандық азамат аузын тігіп тастады 

Әкесі байқаусызда екі жасар ұлын өлтіріп қойды

Талқылау