Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сабақта ән тыңдағанның несі жақсы?!": Жазира Байырбекованың жазбасы желіде қызу талқыланды

Танымал әнші Жазира Байырбекова әндерінің сабақ үстінде тыңдалатынын айтып, жеке парақшасында жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/zhazira_bairbekova/

Түркістан облысы, Арыс қаласындағы мектеп мұғалімі сабақ үстінде әншінің “Бесік жырын” тыңдатқан.

"№4 бастауыш мектептің 1"а"-сынып оқушылары. Сынып жетекшісі – Маржан Нұрланқызы. Оқушыларын ата-анасына, еліне, жеріне, қоғамға мейірімді болсын деген мақсатпен тәрбиелік мәні бар әндерді сабақтан соң немесе сабақтың алдында тыңдатады екен. Енді менің әндерім балабақшада ғана емес, мектептерде оқушыларға да пайдасы тиіп жатқанына қуаныштымын. Қолдайтындарыңыз жүрек қойыңыздар”, – деп жазды әнші. 



Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі тәрбиелік мәні бар әндерді балаларға көбірек тыңдату керек десе, енді бірі әнді жын-ойнаққа теңеген. “Баланың сабақ үстінде ән тыңдап отырғанының несі жақсы?! Кезінде анамды әкесі Алматыға жібермеген екен. Музыкаға оқуға түсем дегенде, “керегі жоқ, жын-ойнақтың тірлігі, жаман жолға түсіп кетесің” депті. Ата-әжелеріміз қаламаған өнерді ұрпаққа насихаттаудың керегі жоқ. Одан да имандыққа үйретсін. Былтыр Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) өмірбаянын үйреткен мұғалімге бәрі шулап еді. Ән тыңдағанын қолдап қалыпсыңдар” деп жазды желі қолданушысы. “Жын-ойнақ деген шетелдің әндері, мына ән тап-таза қазақша ән емес па, олай шатаспаңыз”, “Баланың ән тыңдап өскені дұрыс, ата-әжеңіздің көзқарасы дұрыс емес”, “Дінді балаларға насихаттап керегі жоқ” деп жазып жатыр әншінің оқырмандары. 

Еске салайық, өнер иесі жақында қажылық сапардан оралғанын жазған едік. 

 

Талқылау