Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Сүндетке отырмақ болған ер адам ота үшін жүз есе артық ақша төлеуге мәжбүр болды
Қытайдың Таншань қаласының тұрғыны қарапайым ота үшін өзі ойлағаннан 100 есе артық ақша төлеуге мәжбүр болды.

Бұл туралы The Straits Times басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Ер адам барған жекеменшік клиникада сүндеттеу бағасы 800 юань (43 мың теңгеден аса) тұрады екен. Дәрігерлер пациентті қарағаннан кейін, оның ағзасында 3 сарысулы ісік бар екенін анықтап, оларды алып тастау керектігін айтқан.
Дәрігерлер сол жерде ер адамға ота жасап, 80 мың юань (4 млн 300 мың теңгеден аса) көрсетілген шотты ұсыныпты. Онда сүндеттеуден бөлек, сарысулы ісікті алып тастау үшін жасалған ота бағасы қосылған екен.
Өз кезегінде ер адам билікке шағымданған. Тексерістен кейін, жекеменшік клиника ескерту алды. Сонымен қатар оны лицензиясынан айырып, 52 мың юань (2 млн 800 мың теңгеден аса) көлемінде айыппұл төлеуді міндеттеді.
"Терезеге телміріп, жүруді армандадым": 10 жыл төсекке таңылған марафоншы ауруды қалай жеңгенін айтты
Ауырып жатсам да, қиындыққа сынған жоқпын
"Ит пен мысықты өлтіруге қарсымыз!": Қазақстандықтар қаңғыбас жануарларға эвтаназия жасау туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"