Сүйіктіңізді кездестіруге кедергі болып жүрген 7 себеп
Мына заманда жалғыздың күйін кешіп, өмірде серік болатын жұбын таба алмай жүрген жандар көп. Бірнеше кездесуден әрі асқысы келмейтін жеңіл мінезді жастар саны күн санап артып барады.
Бұл орайда Stan.kz назарларыңызға сүйіктіңізді кездестіруге кедергі болып жүрген 7 түрлі себепті ұсынады.
Артта қалған қарым-қатынастан кейін қалыпқа келе алмай жүрсіз
Бұрынғы сүйіктісінен көңілі қалған жандар әдетте оның өшін басқадан алмақ болады. Немесе экс жұбына өзінің әлі де біреуге керек екенін дәлелдеу мақсатында кей адамдар қателікке бой алдырып жатады. Яғни мұндай әрекеттер арқылы жігіт не қыз өзінің қайғы-мұңын еселеп арттырып алуы мүмкін. Мұндай қылықпен сізді расында ұнатып қалған адамды өзіңізден алшақтатып алуыңыз әбден мүмкін. Әлдекімнің өзін пайдаланып жүргенін білген адамға бұл ұнайды деп ойлайсыз ба? Сондықтан біреуге деген кегіңізді екіншіден алмас үшін асықпай ойланып, сабырға келіңіз. Біраз уақыт шыдамдылық танытсаңыз, өзіңізге не керек екенін түсінуіңіз ғажап емес.
Болашақ жұбыңыздан көп нәрсе күтесіз
Кей бойжеткендер ақ боз атты ханзаданы, ал кей жігіттер мінсіз аруды кездестірсем деп армандайды. Алайда шынайы өмірде барлығы басқаша. Кемшілігі жоқ адам болмайды. Ең алдымен, өз-өзіңізге мән беріп қараңызшы. Сыртқы келбетіңіз қандай? Басқа адамға не бере аласыз? Сізбен бірге болғанда оның жақсы сезінуін қамтамасыз ете аласыз ба? Себебі ханзадалардың да нағыз ханшайымдарға үйленетінін білетін шығарсыз! Сондықтан басқаны емес, алдымен өз кемшіліктеріңізді түзетуге тырысыңыз.
Басы бос емес адаммен бірге болғыңыз келеді
Бұған босқа уақыт кетірмеңіз. Әрине, өмір болған соң әртүрлі жағдай болады. Бұл жерде сізді сынайтын ойымыз жоқ. Алайда өзіңіз ойланып көріңізші, жарына опасыздық жасаған адамды өмірлік серік еткіңіз келе ме? Бұл жерде «өзі кінәлі» деп сүйіктіңіздің жұбайын кінәлаудың қажеті жоқ. «Мен одан жақсымын» деп ойламай-ақ та қойыңыз. Сол адамның орнын басқан күннің өзінде санаңызда: «Енді менің көзіме шөп салып жүрген жоқ па?» деген сұрақ тұрады.
Сенімсіздік
«Олардың бәрі бірдей», «барлығына керегі бір нәрсе»… Бұл сөзді ерлер қауымы да, нәзік жандылар да жиі қайталайды. Бәлкім бұл сөздің астарында бір шындық бар шығар?! Әіресе, егер сіз бір-біріне ұқсас жандарға ғашық болсаңыз. Иә, бірінші кезіккен адамға риясыз сенудің қажеті жоқ, алайды шамадан тыс сенімсіздік білдіріп, адамды өзіңізден қашырып алмаңыз. Ол сіздің бұрынғы сүйіктіңіздің әрекетіне кінәлі емес. Одан да оның іс-әрекетін бақылап, дұрыс шешім қабылдауға тырысыңыз.
Байыпты қарым-қатынастан қорқасыз
Жеке кеңістігін жоғалтып алудан және жақын адамға тәуелді боп қалудан қорқатын жандар ұзақ уақыт бойы жалғыз жүріп қалуы мүмкін. Бұл нәрселер сізді жаңа танысулардан еріксіз оқшаулап тұрады. Жағдайды қалай өзгерту керек? Оны шешуге арналған әмбебап құрал жоқ. Жоғарыда атап өткеніміздей, ең алдымен, адам өзін ретке келтіруі керек. Жаны қалайтын іспен айналысып, елдермен жиі араласқан артықтық етпейді. Негативті ойлардан арыла білу де өнер.
Біреуге ұнауға қатты тырысасыз
Әсем құйрығын көрсетуге тырысатын павлиннің әрекеті тек жануарлар әлемінде жақсы жұмыс істейді. Ал адамдар арасында павлинге ұқсас әрекет жасасаңыз, жұрттың күлкісін, аянышын, тіпті, жиіркенішін туғызуыңыз мүмкін. Біреудің ығына қарай жығылып, әрекет етуіңіз де дұрыс емес. Жаныңыз қаламаса, өтірік күліп, шілтері көйлек киюдің қажеті жоқ. Табиғи болмысыңызды жоғалтпаңыз. Керек адам оны өзі бағалайды.
Тым асығыссыз
“Биологиялық уақыт” туралы неше түрліні естіп білген кей адамдар бірінші кезіккен адамның мойнына асылуға дайын тұрады. Иә, жұбыңызды тауып, отбасын құруға асыққаныңыз құптарлық іс. Бірақ асығыстық танытып, алғашқы кездесуде қиялдап, болашақ балаларыңызға қойғыңыз келетін есімдер туралы айтудың қажеті шамалы. Бұлай жасасаңыз, тіпті, сізді қатты ұнатып қалған адамды қорқытып алуыңыз мүмкін.
Жіберіп алмаңыз:
Британдық дизайнер адам қарнына ұқсас сөмке жасап шығарды (фото)
Әлемдегі ең танымал миллиардерлердің балалық шағы қалай өтті? (фото)
Жыныс мүшесі зілтемірге қысылып қалған ер адам жұртты күлкіге қарық қылды (фото)
Екі қолы жоқ болса да нәрестенің күтіміне қараған бала жұртты жылатты (видео)