Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Рұқсат сұраған жоқ": Жарқынай Ханайым өзге актрисаны сүйген күйеуіне қатысты пікір білдірді

Жарқынай Ханайым телехикаяда өзге актрисамен сүйіскен күйеуі Айдар Асқарбектің әрекетіне қатысты пікір білдірді. Айтуынша, ондай сахнаның болатыны оған ескертілмеген. Ол күйеуін өзге актрисамен бірге көргенде қатты таңырқағанын жасырмады. Тіпті, көзіне жас алып қалды. 

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі НТК арнасының "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Реніш, түсініспеушілік болды. Әйел адам болған соң, кішкене ауыр қабылдадым. Қарапайым жерде өстім. Жанұя туралы да, шығармашылық туралы да түсінігім басқаша. 

Түсінгенім, бұл жағдайды басқаша қабылдайтын басқа да орта бар екен. Эмоция, ренжіген адамдарым болды. Бірақ қазір бәрін жібердім. Әркімнің өзінің шындығы бар ғой", - дейді Жарқынай.

Актриса "Рауза" телехикаясындағы сол бір сүйісу сахнасынан кейін арада жанжал болғанын жасырмайды. Ол Айдарды қазіргі "КешYou" тобының құрамындағы Наргиз Алтайбаймен бірге экраннан бір-ақ көрді. 



"Алдымнан ешкім өткен жоқ, рұқсат сұраған жоқ. Үлкен экраннан бір-ақ рет көрдім. Олай болса да, ондай деңгейде, қатты кетеді деп ойлаған жоқпын. Әрбір әйелге өзінің жарын басқа біреумен көру, тіпті образ болса да елестету қиын", - деді Жарқынай.

Бұдан өзге, актриса Айдардың отбасы мен туыстарымен қарым-қатынасы жайлы ағынан жарылды.

"Әрқашан ол кісілермен қарым-қатынасы жақсы. Продюсерлерімнің маған реніші бар. Оларды түсінемін. Бірақ өзімнің де ренішімді түсінемін. Барлығы кешіріледі деп ойлаймын. Ортамызда Айлана бар. Менің ешкімге ренішім жоқ, ол кісілерді өте жақсы көремін, құрметтеймін. 
Өзімнің анамдай жақсы көрдім бәрін. Содан кейін де менде басқаша реніш болған шығар", - деді актриса.

Талқылау