Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Руым – Бестерек: Шырын Нарчаева ұлтына қатысты сұрақтың нүктесін қойды

Шырын Нарчаеваның әрекеті мен тегіне қарап, көпшілік оны қазақ ұлтынан емес деп үміттенген еді. Алайда сәукеле киіп жалаңаштану арқылы танылған Шырын өзінің қазақ екеніне сендірді. Тараздық бойжеткен тіпті, өзінің руын жария етті.

Шырын Нарчаева

Бұл туралы Stan.kz КТК арнасының “Астарлы ақиқат” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

“Маған көбінесе “ұлт масқарасы” деп жазады. Ол қазақ емес дейді. Бірақ мен қазақпын, руым – Бестерек. – Ата-анасы қайда қарап отыр? Неге ол бұлай жасайды? – дейді негізінен”, – дейді Шырын.

Бойжеткен бала күнінен видеоблогингке, ерекше картиналарға қызығатынын айтты. Ол жалаңаш суретін жариялаудағы мақсатым – танымал болу емес, деп сендірді.

“Мен хайп жасағым келсе, видеоларымды әр жерге бір жібер едім. Бірақ оны мен емес, мына отырған кісілер жасайды. Мен туралы үйлерінде талқылайды, Instagram-да жазады. Егер сіздер бақытты болсаңыздар, сіздерді бұл мәселе қызықтырмас еді. Бірақ сіздердің өмірлеріңіз қызықсыз, сондықтан сіздер Instagram-да сағаттап отырасыздар, пікір жазасыздар. Ал сіздердің пікірлеріңізге түкіргенім бар.

Мен бала кезімнен видеоблогингпен айналысатынмын. Ерекше суреттер жасағанды ұнататынмын. Менің бір ғана суретім соншалықты негатив тудырады деп ойлаған жоқпын.

Бұл – өзімнің идеямнан туған нәрсе. Мен өте шығармашылыққа жақын креативті адаммын. Ешқандай жамандық жасап жатырмын деп ойламаймын. Мен темекі шекпеймін, ішімдік ішпеймін, есірткіні насихаттамаймын. Спортпен шұғылданамын, дұрыс тамақтанамын. Түнгі клубтарда сенделіп жүрмеймін. Жігіттермен сүйіспеймін. Жасым 18-де, мен пәкпін. Осы таза күйімде тұрмысқа шыққым келеді”, – дейді Шырын.

Бұдан бөлек, бойжеткен өзінің отбасы туралы айта кетті. “Тәрбие көрмеген” деп сынаушыларға бойжеткеннің берер жауабы мынадай:

“Мен үйдің тұңғышымын. Өзімнен кейін сіңлім бар, 5-сыныпта оқиды. Көпшілік мені тәрбие көрмеген, әкесі тәрбие бермеген деп ойлайды. Мен әке тәрбиесін көргенмін. Ол 1,5 жыл бұрын қайтыс болған. Одан бөлек анам бар. Ол мені толықтай қолдайды. – Бастадың ба, соңына дейін бар, – дейді. Ол маған қалыпты адам ретінде қарайды”.

Бұған дейін Stan.kz тілшісіне сұхбат берген Шырын өмірдегі ұстанымдары жайлы баяндап берді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау