Рүстем Жаныаманов: Мен көгілдірлерді сомдамаймын, қалған рөлдің бәріне дайынмын

Рүстем Жаныаманов қазір сұранысқа ие актерлердің бірі. Комедия жанрында да рөл сомдады. Бандиттің рөлінде де ойнады. Тіпті ұятсыз кадрларда бой көрсетті. "Актер бәріне дайын болу керек" деп санайтын ол бұның еш әбестігі жоқ дейді. 

Бұл туралы "Опмай-опмай" бағдарламасында айтылды. 

Рүстем Жаныаманов қазақстандық фильмдерде әртүрлі рөл сомдады. Қазір сериалдарда басты рөлдердің бірін сомдап жүр. Бірнеше бейнебаянға түсті. Кәмшат Жолдыбаеваның екі бейнебаянына түсіп, көптің сынына қалғаны есімізде. Себебі әншімен сүйіскен кадрлары кей көрерменге ұнамаса керек. Актер мұның режиссердің өтінішімен болған дүние екенін айтады. 

"Бұл тәжірибелі режиссердің өтініші. Мен "тек көгілдір жігіттердің рөлін сомдамаймын" деп ескерткенмін. Сосын ашық төсек қатынасына бармаймын. Қалғанының бәріне дайынмын. Себебі мен актермін", - деді Жаныаманов. 

"Көш жүре түзеледі" деген актер қазақстандық киноны сапасы жағынан сынға алу артық деп санайды.

"Қазақстандық киноларға қолдау жоқ. Әркім өз қаражатына түсіріп жатыр. Мен де киноның сапалы шыққанын қалаймын. Оны айтып та жүрмін. Бірақ бәрі уақытымен келеді. Бірден бәрі керемет бола салады деген болмайды ғой", - деді ол. 

Кәмшат Жолдыбаеваның екі бейнебаянына түскен актер Нұрболат Абдуллиннің бейнебаянында өз әйелімен бірге ойнайды. Актердің өзі бойдақтық өмірмен 9 жыл бұрын қош айтысқан. 

"Аллаға шүкір. Бізге 9 жыл. Бірге болайық. Мен сендік, сен мендік боп жарасып", - деген Жаныаманов жарын құттықтап желіде жазба жариялады.



 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр