Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Руслан Жанпейісовтің анасы президентке үндеу жолдады (видео)

Сотталған блогер Руслан Жанпейісовтің (шын аты-жөні Бибарс Райымбеков) анасы президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа видео үндеу жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өзінің үндеуінде Жанпейісовтің анасы Тоқаевтан ұлына қатысты тәртіп сақшыларының әрекетіне назар аударуды сұрады. Тұрсынкүл Жанпейісова өзінің үндеуінде блогер ұлын ұстауға қатысты өз көзқарасын білдіріп, оны колонияда заңсыз қамауда ұстап отырғанын айтады, бірақ ол әлдеқашан босатылуы керек екенін жеткізді.

«2019 жылдың жазында Шымкентте жүргізушінің таяғынан қорғанып, Руслан өзін-өзі қорғаудың заңды құралын қолданды. Менің ұлым өзін-өзі заңды қорғағаны үшін, 2020 жылы ол колонияда 1 жыл мерзімге сотталды, қазір ол жазасын Қызылорда қаласында өтеуде.

Қазіргі уақытта Қызылорда облысының прокуратурасы оның шығуына кедергілер жасап отыр. Бір айдан астам уақыт бұрын, сот шешімімен Бибарс Райымбеков босатылып, отбасына оралуы керек еді. Бірақ прокуратура оны негізсіз колонияда ұстап отыр.Ол Бас Прокурорға үндеу жазды, бірақ хаттың түпнұсқасын Қызылорда облыстық прокуратурасы ұстап қалды.

Құрметті Президент мырза, сізден әділдік пен соттың 2020 жылғы 7 желтоқсандағы заңды шешімінің орындалуын сұраймын. Ол өз кінәсін мойындады және қоғамға қауіп төндірмейді. Үйде оны туыстары, біз, зейнеткер ата-анасы, отбасы мен балалар күтіп отыр», - дейді Жанпейісовтің анасы видео үндеуінде.

Еске сала кетейік, 30 шілдеде Шымкент қалалық соты Жанпейісовті ең төменгі қауіпсіздігі бар қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде бір жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Блогер жәбірленушіге қасақана орташа ауырлықтағы дене жарақатын салғаны, сондай-ақ үкімет өкіліне тіл тигізгені үшін кінәлі деп танылды.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың сәуір айында Руслан Жанпейісов әкімшілік құқық бұзушылық үшін 25 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Кейін қамауға алу мерзімі 40 күнге дейін ұзартылғаны белгілі болды.

Белсенді бостандыққа шыққан соң полиция қызметкерлерін видеоға түсірмеуге уәде берді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр