Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Руслан Дәленов: Жылдық инфляция 5,6 пайызды құрады

Қаңтарда жалпы ішкі өнімнің өсуі 3,6 пайызға дейін жеделдеген. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қаңтардағы әлеуметтік-экономикалық даму мәселесі жайлы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты. 

«Жылдың бірінші айының қорытындылары макроэкономикалық көрсеткіштердің позитивті серпінін көрсетті. Қаңтарда жалпы ішкі өнімнің өсуі 3,6 пайызға дейін жеделдеді.

Былтыр бұл көрсеткіш 2,9 пайыз болған.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар 3,1 пайызға өсті. Жылдық инфляция 5,6 пайызды құрады. Бұл 4-6 пайыз нысаналы дәліз ауқымында», - деді министр. Оның сөзіне қарағанда, экономиканың барлық базалық салаларында оң нәтиже байқалды. Құрылыс 12,5 пайызға, байланыс – 9,8 пайызға, сауда 5,2%-ке, өнеркәсіп – 4,1 пайызға, көлік – 3,6 пайызға және ауыл шаруашылығы 2,6 пайызға өсті.


 

STAN.KZ
Сейсенбі, 11 Ақпан, 2020 09:24
Талқылау