Рудныйда зейнеткерді өлтіріп, тонап кетпек болған 19 жастағы үй күтушісі сотталды
Бірер күн бұрын Рудный қалалық соты 19 жастағы студент Елена Царегородцевның ісін қарады. Ол біреудің мүлкін ұрлау және өлтіруге оқталу бойынша айыпталған.
Сот материалы бойынша Царегородцева қаладағы қарт зейнеткер Федоровтың үйінде үй қызметшісі болып жұмыс істеген. Оның міндетіне пәтер тазылығын сақтау түгелдей кірген. Қыз ер адамның пәтерде жалғыз тұратынын және оның сақтаған қаражаты бар екенін біледі.
“Осы жылдың екінші ақпанында кешкі сағат 5 кезінде қыз ақысына пәтер тазалайтынын айтып, қарт кісі оған келіседі. Пәтерге келіп ол Федоровты артқы тұсынан келіп қылғындырып, шабуыл жасайды. Осыдан соң ер кісі есінен танып қалған. Осыны пайдаланған қызметші 160 мың теңге ақша, жалпы құны 100 мыңнан асатын «Nikon» маркалы фотоаппаратты және оның сөмкесін, «Samsung» маркалы ұялы телефонды, сыртқы есіктің кілтін алып, қашып кетеді”, – делінген сот материалында.
Қылмыс нәтижиесі бойынша ол зардап шегушінің денсаулығына зиян және 293 470 теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.
Сот үкімімен қыз кінәлі деп танылды. Оның мүліктері тәркіленіп, алдағы үш жылын бас бостандығын шектеу жазасымен өткізеді.
Оқи отырыңыз:
“Абу-Даби Плаза” құрылысы басында мұнаралы кранның қауғасы сынып кетті
Қостанайда көшеде тыржаңалаш жүрген бойжеткен іздестіріліп жатыр
Прокурор Альфа банкті тонағандарды 8 жылға қамауды сұрады
Ақтөбеде мектеп басшылары сабаққа кіргізбеген соң 13 оқушы қыз орамалын шешті