Рудныйда әйелдер бір банкі қияр үшін сотттасты
Рудный қаласында әйелдер бір-бірімен бір банкі тұздалған қияр үшін соттасқан.
Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлайды.
“Әйел өзінің танысын үш литрлік банкідегі қиярды ұрлап кетті деп қылмыстық жауапкершілікке тартты, ал материалдық шығын ретінде 2000 теңге талап етті. Оқиға 17 қыркүйек күні сағат 15:00 кезінде Л. есімді әйел Ч. есімді әйелдің үйіне қонаққа барған кезде болған”, – деп хабарлады облыстық сот.
Сот процесі кезінде зардап шегуші өтініш беріп, айыпталушыны жауапкершіліктен босатуды сұраған. Банкі қияр үшін соттасқан әйелдер мәселені медиация тәртібін бойынша шешпек.
Тағы да оқыңыз:
Елдегі бензин тапшылығы Еркенің хитінің мақамымен әзіл әнге айналды
Ресейде қазақстандық автобус пен пойыз соқтығысқан жерде түсірілген видео жарияланды (видео)
33 жастағы келіншек пластикалық ота арқылы сұлуланған соң өзіне қалталы күйеу іздемек
Эксперимент: Күйеуім бар деп алдаған қыз балгердің өтірігін әшкере қылды (фото)