Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елдегі бензин тапшылығы Еркенің хитінің мақамымен әзіл әнге айналды

Елімізде бензин тапшылығынан бекеттердің көбі саудасын тоқтатты. Жанармай тек талонмен сатылып жатыр.

Алматыда АИ-92 бензинінің тапшылығы оның бекеттерге жеткізілуі кешігіп жатқанымен байланысты. Өзге бекеттерде АИ-92 бензині талонмен беріліп жатыр. Ірі жанармай құю желілеріндегі бар жоғы 15 мың тонна бензин қоры тек 10 күнге жетеді екен.

Жанармайдың тапшылығы өзекті болғандықтың Еркенің хит әнінің мақамымен әзілге айналды.

Туындылары арқылы үнемі қоғамдық мәселені көтеріп жүретін белгілі суретші Аңса Мұстафа жанармай тапшылығы мәселесін де хит әннің мазмұнымен сабақтастырды.

“Ауыл менен қала, көше менен дала.
Бензин іздедім мен, оны ғана.

Ауыл менен қала, галактикада ма?
бензиніім менің, табылар ма?

Гелиоста жоқсың жоқсың, таба алмадым сені.
Казмұнайда жоқсың жоқсың, іздемейсің мені.
Синойлда жоқсың жоқсың, бар болсаң қайдасың?Кімдесің? Жүрсің қайда?

Гелиоста жоқ-жоқ! Синойлда жоқ-жоқ!
Сені іздедім, үмітті үзбедім.

Газпромда да жоқ-жоқ! Казмұнай да жоқ-жоқ!
Сені іздедім, үмітті үзбедім. А-а-а-а
Аааа -аааа-аааа-аааа-а-а-а-а
Аууу-ааау-ааау Жоқ-жооқ

Оооу-оооу-оооу-о-о-о-у
Оооу-оооу-оооу Жоқ-жооқ” – деп жазады Аңсаған Мұстафа Инстаграм парақшасында.

Суретте атқа мінген әнші Ерке қолына бензин ыдысын ұстап шауып барады.

“Алматыда жоқ, жоқ, Астана да жоқ, жоқ” деп ел аузына кең тараған Еркенің “Қайдасың?” әні шыға салысымен хитке айналғаны белгілі. Әнге көптеген әзіл жазылып, желіде кең таралған еді.

Жанармай да Алматы мен Астана қалаларында тапшы.

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев АИ-92 бензинінің бағасы жыл соңына қарай тұрақталатынынайтқан болатын. Оның айтуынша,, мұнай өңдеу зауыттарының қуаты жаңғыртылғаннан кейін АИ-92 бензинін өндіру 2,2 есеге, АИ-95 пен 98 бензиндері 9 және 6 есеге, дизель отыны 30 пайызға, авиаотын 3 есеге артатын болады.

Тағы да оқыңыз:

Ресейде қазақстандық автобус пен пойыз соқтығысқан жерде түсірілген видео жарияланды (видео)

33 жастағы келіншек пластикалық ота арқылы сұлуланған соң өзіне қалталы күйеу іздемек

Эксперимент: Күйеуім бар деп алдаған қыз балгердің өтірігін әшкере қылды (фото)

Талқылау