Рудныйда өрт кезінде 10 автобус жанып кетті
Рудныйдағы автокөлік кәсіпорны аумағында өрт шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық төтенше жағдайлар қызметіне сілтеме жасап.
"19-да Рудный өрт сөндіру бөлімінің байланыс пунктіне Рудный Автотранс ЖШС-нің аумағында өрт туралы хабарлама келіп түсті. Жолаушы автобустарының жанып жатқаны белгілі болды.Автобустарды эвакуациялау туралы шешім қабылданды. Өрт сөндірушілер мен мекеме өкілдері 12 автобусты қауіпсіз аумаққа шығарды", - деп хабарлады төтенше жағдайлар комитеті.
10 автобус өртке оранып, 2 автобусқа зақым келді. Өртті сөндіруге арнайы екі техника және 18 адам жұмылдырылды.
Өрт сағат 5.10-да сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”