Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рудныйда көпқабатты үйде болған өрт кезінде тұрғындарды құтқарған полицейлер марапатталды

Рудныйда өртке оранған көп қабатты үйден 30 тұрғынды құтқарған полиция қызметкерлері марапатталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

полицейлер

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Рудный қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері Жәнібек Ғыйлымханов пен Нұрбек Есқабылға «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалдары табысталды. 

Айта кетейік, 4 тамыз күні бес қабатты үйдегі өрт кезінде полиция қызметкерлері тұрғындарды құтқаруға көмектескен. Олардың арасында үш айлық бала бар.

Жәнібек Ғыйлымханов үшінші қабаттың балконында баласын құшақтап тұрған әйелді байқап қалады. Полицейдің сөзінше, ол нәрестені балкон арқылы төменгі қабатқа түсіріп, құтқарып қалған. 

"Сәбидің анасы қатты қорқып қалған, бірақ мен сабырға шақырып, баланы құлатып алмайтынымды айттым. Ол маған нәрестесі оралған жамылғыны берді. Үй тұрғындарының бірінің көмегімен біз баланы түсіріп алдық. Әрі қарай пәтер тұрғындарын балконнан шығара бастадым", - дейді қайсар полицей. 

Талқылау