Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рудный қаласының әкімі жалақысының мөлшерін атады

Рудный қаласының әкімі Қуандық Испергенов өз жалақысының мөлшерін атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол Direct-те жалақы және отбасының тұрғылықты жері туралы жиі сұрақтар туындайтынын атап өтті.

"Көптеген адам менің жалақым мен отбасымның тұрғылықты жеріне қызығушылық танытады. Бұған дейін айтқандай, өз отбасымды Рудный қаласына көшірдім және 20-шағын ауданда тұрамыз. Менің жалақым міндетті аударымдардан кейін 390 мың теңгеден сәл асады", - деп жазды Қуандық Испергенов.

Белгілі болғандай, Рудный қаласы әкімі жалақысы Қостанай әкімі жалақысынан аз. 30 қыркүйекте қала басшысы Қайрат Ахметов айына 484 мың теңге табыс табатынын айтқан еді.

Қала әкімінің жалақысы Қостанай облысының басшысы Архимед Мұхамбетовтің жалақысынан екі есе аз - ол 766 мың теңгені құрайды. 

STAN.KZ
Дүйсенбі, 02 Қараша, 2020 13:26
Талқылау