Роза Бағланованы еске алу кешінде қазақ эстрадасының барша жұлдыздары ән салды (видео)
Кеше Алматыда КСРО-ның Халық әртісі, Қазақстанның Халық қаһарманы Роза Бағланованың 95 жылдығына орай әншіні еске алу кеші өтті. Концертте қазақ эстрада жұлдыздарының түгелі дерлік ән салды.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Концертте Халық әртісі Мақпал Жүнісовадан бастап, Ескендір Хасанғалиев, Сәкен Майғазиев, Гүлнұр Оразымбетова, Айгүл Иманбаева, Жеңіс Ысқақовалар ән салды.
Мақпал Жүнісова ел сүйіп тыңдайтын “Сәулем, сәулем, сәулемсің” әнін орындады.
Сәкен Майғазиев бұл кеште VidMen тобымен бірге “Екі жирен” әнін шырқады. Әншінің айтуынша, аталған әнді Роза Бағланова алғаш рет әжесінен үйренген.
Танымал продюсер Бағым Мұхитденова қазақтың халық әні “Сәулемайды” орындап, көпшілікті тәнті етті.
Сондай-ақ, продюсердің қарамағындағы КешYou тобы Бағланованың репертуарындағы “Ай, джан” әнін орындап, жұрттың көңілін бір серпілтіп тастады.
Жіберіп алмаңыз:
Димаш голливудтік фильмдерді қазақ тілінде дыбыстауы мүмкін
Қуандықтың аналарға арналған әні көптің көзіне жас келтірді (видео)
Гүлзира Айдарбекова Қайраттың беделін түсіруді ойлағандарға ішіндегі бар мұңын ақтарды (видео)
Шетелде бірге жүрген Кентал мен Мақпалдың жасырын үйленіп алғаны рас па? (видео)