Роза Әлқожа жылқы қағып жол апатына түскен (фото)
Роза Әлқожа желтоқсан айында түскен жол апатын әлі ұмыта қойған жоқ. Қарапайым ауыл тұрғынының жылқысын қағып кеткен әнші біраз уақыт бойы күйзелісте болыпты.
Бұл туралы Астана арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтылды.
“Алдымыздан үш жылқы қатар шығып, ортасындағы биені қағып кеттік. Жануарар ойламаған жерден шығып қалды. Біз жай келе жатқан екенбіз. Шок алып қалдым десем де болады. Қайтадан өмір сыйлаған Аллаға шүкіршілік айттым”, – дейді әнші.
Қағып кеткен жылқының құны жұлдыздың мойнына ілінбеген. Керісінше заң Әлқожаны жақтаған.
“Оқиға түнгі бір шамасында болды. Мен басында жылқыны біз төлейтін шығармыз деп ойладым. Алайда керісінше иесі малды түнде жіберіп қойғаны үшін біздің көлікті жасатып беруі тиіс екен. Оның үстіне Қордай ауданындағы “М” деген белгісі бар жылқыны барлығы біледі екен. Десе де ізіне түсіп, қудалаған жоқпыз. Өйткені тірі қалғанымызға қуандық”, – дейді ол.
Жөндеу жұмыстарына жарамай қалған инфинити көлігін әнші ұзақ жоқтаған жоқ. Өйткені су жаңа көлік жан жарасын тез емдеген сыңайлы.
“Жуырда ақ тұлпар алдым. Жол апатына түсіп қалған кезде қара инфинити деген көлігіміз бар еді. Сол жарамай қалды. Артынша өзім бұрыннан жақсы көретін “Lexus 470” деген көлік алдым. Жақсы көретін ағатайымыздан жартылай сыйлық болды десек те болады”, – дейді Роза Әлқожа.
Жіберіп алмаңыз:
Баян Мақсатқызы сүйіктісінің ұсынысын қабыл алғанын жариялады
Балғынбек ақын өзге ұлт жігіттерінің қасында отырған қазақ қызын тұрғызып жіберді (видео)
Меруерт Түсіпбаева: Маңдайыма бай күйеуге тию бұйырмапты
Ернар Айдар кезекті махаббатымен судың астында кездеспек (фото)