Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ернар Айдар кезекті махаббатымен судың астында кездеспек (фото)

Ернар Айдар “Тәтті түс” атты әніне бейнебаян түсіруге кірісті. Әнші жаңа бейнебаянның бұған дейінгі туындылардан өзгешелетінін айтып сендірді.

Screenshot_16

 

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Қызықты видеолар түсіріп, ғаламтор жұлдызына айналған семейлік бойжеткен Әлия Байбосынова Ернар Айдардың бейнебаянына түсу үшін Алматыға арнайы келген.

“Кастинг бойынша емес, Ернар Айдар менің инстаграмымды көріп жүр. Маған хабарласып, клипке түсуге ұсыныс жасады”, – дейді Әлия Байбосынова.

Еліміздегі танымал хитмендердің бірі «Тәтті түс» атты туындысында қыз назарын өзіне аудару үшін қонақ үй, мейрамхананы таңдамаған. Көшірме клиптен жалыққан ол бұл жолы тың идея ойлап таптым деп отыр.

“Көбінесе біз судың астында кездесеміз. Түсімде судың астында. Оянып кетемін. Қайтадан барамын да басқа киім киемін. Кездесуге шақырып кеттім ғой, екінші рет кездесейін деп жатырмын. Басқа киім киемін де басқа түс көріп, судың астында болатын сол кездесуге барамын”, – дейді Ернар Айдар.

ернар айдар_15

Жіберіп алмаңыз:

Ернар Айдар: Сіз бен біз жер бетіне келіп-кететін қонақпыз

Төреғалидің анасына арнаған бейнебаяны қазақстандықтардың жүрегін елжіретті (видео)

«Музарт» тобы жанкүйерлерінен көмек сұрады

Ләйлә Сұлтанқызы: Мен тоқал емеспін

Талқылау