Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ернар Айдар: Сіз бен біз жер бетіне келіп-кететін қонақпыз

Желі қолданушылары Ернар Айдардың шүкірлік ету туралы жазған жазбасына қайран қалды.

15877590_1756156281370300_2272421381897453568_n

Фото: instagram.com/ernar_aidar_official/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz  хабарлайды.

Соңғы кезде Ернар Айдардың денсаулығы сыр беріп жүр. Бұған бірнеше күн бұрын желіге жүктеген суреттері дәлел. Бетперде киіп, түрлі ем қабылдап жатыр екен.

“Ассалаумағалайкум барлығыңызға. Ауырмаңыздар! Менен тілек сол болсын. Мен енді жақсы болып қалғандаймын”, – дейді ол. Бұдан кейінгі жазбасын да “Тағы бір тілек айтайын, ауырмаңыздар”, – деп қысқа қайырған. Желі қолданушылары өз кезектерінде оның денсаулығы үшін алаңдайтынын жеткізді. Ақ тілектерін білдіріп, тез жазылып кетуін тіледі. Мұнымен қатар, оларға әншінің төмендегі жазбасының мазмұны ұнап қалды.

15877121_697089673798762_3349709500264218624_n

“Дубайдың бір түнеп шығуы 20 мың доллар тұратын бес жұлдызды қонақ үйлері бар. Қанша адамдар соған қол жетпегені үшін тағдырына налып, өмірін өкпелеумен өткізіп жатыр. Сіз бен біз жер бетіне келіп-кететін қонақпыз. Ал “Жер” атты планета барлығымызға ортақ үйіміз. Енді аспанға қараңыз. Қанша жұлдызды қонақ үйде тұрып жатырсыз? Алла сіз бен бізден ол үшін ақы сұрап тұрған жоқ. Сонда да шүкір етпейміз-ау”, – дейді Ернар Айдар.

Желі қолданушылары өз кезектерінде бұл жазбаны қоштай түсті. “Өте дұрыс айтасың, Ернаржан”, “Дұрыс айтылған сөз. Қыдырғанша жетім-жесірлерге көмектеспейміз бе?”, “Ақылыңнан айналайын. Мың жаса!”, “Аллаға сансыз шүкір”, “Ернар, жақсы айттыңыз. Тәубе деу керек осы баршылыққа”, “Шүкір етеміз, әрине. Аллаға сансыз мадақ. Алла ұлық” деп жазады желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

“KeshYou” тобы әнші Ақботаның орнын басқан қызды көрсетті (фото)

Қазақстандық визажист Голливуд жұлдызы Ким Кардашянмен кездесті (фото)

Жанкүйерлері Мәдина Сәдуақасованы голливуд жұлдызымен салыстырды (фото)

Мақпал Жүнісова марқұм Нұрқаділовтың қызына соңғы арнаған әнін бөлісті (видео)

Талқылау