Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жанкүйерлері Мәдина Сәдуақасованы голливуд жұлдызымен салыстырды (фото)

Күні кеше Біріккен Араб Әмірліктерінен оралған әнші Мәдина Сәдуақасова теңізде түскен суретін жариялап, жанкүйерлерін мінсіз дене сымбатымен таңғалдырды, деп хабарлайды Stan.kz.

Screenshot_7

Ұлымен және анасымен бірге Дубай және Абу-Даби қалаларында болып қайтқан әнші келе салысымен жұмысқа кірісіп кетті. Ол өнердегі әріптестерімен бірге Шымкент қаласына тойға барды.

Screenshot_1

Ал одан кейін көпшіліктің талқысына түскен суретін жариялады.

Кейбір желі оқырмандары суретті фотошоппен өңделген, ал онда бейнеленген жан Мәдина емес деп сөкті. Тағы бір тыңдармандар әншіні голливуд жұлдыздарымен салыстырды. Сүйікті әншілерінің сұлулуғына тамсанып, мақтау сөздерін жаудырғандар көп болды.

«Алла сұлулықты, сымбатты, мінезді, адамгершілікті, бәрін үйіп берген Мәдинаға», «Қызылорданың әдемі де сүйкімді қызы, сені мақтан тұтамыз», «Өте әдемі», «Сұлу келіншек», «Дене сымбатыңыз мінсіз», – деп пікір білдірді желі оқырмандары.

Жіберіп алмаңыз:

Ләйлә Сұлтанқызы: Мен тоқал емеспін

Баян Есентаеваның жанында отырған бейтаныс азамат көпшіліктің талқысына түсті (видео)

Төреғали Төреәлі әкесімен бірге қажылықта жүр (фото)

Гоада демалып жатқан Мейрамбек Бесбаев шашын тақырлап алып тастады (фото)

Талқылау