Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық визажист Голливуд жұлдызы Ким Кардашянмен кездесті (фото)

Желі қолданушылары Голливуд жұлдызы Ким Кардашянмен кездескен Санди Бексырғаның қуанышын бөлісті.

15876058_1255576597853304_8563865373168893952_n

Фото: instagram.com/sandi_beksirga/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz  хабарлайды.

Еліміздегі танымал визажист Санди Бексырға Ким Кардашянмен кездесті. Визажист бүгінде бақыттан басының айналып жүргенін жасырмайды.

“Бүгін тамаша күн болды, жан-дүнием де эмоцияға толып тұр. Голливуд жұлдызы Ким Кардашянның қатысуымен әйгілі Марио Дедивановиктің мастер-классы жоғары деңгейде өтті. Дәл осындай табысты да жемісті күн үшін көп рахмет! Мен мықтылардан тәжірибе жинаудан жалықпаймын. Қажет болса мұхит кешіп өтуге дайынмын. Бұның барлығы баға жетпес тәжірибелер. Әрине, қуанышты жаңалықтарымды мен өздеріңмен бөлісіп отырамын! Армандар орындалады екен. Күн сайын осыған көзім жетіп жатыр. Өзімнің де асқақ арманыма жақындап қалдым. Дәл осындай адамдарды бізге тарту еткен аналарынан айналдым”, – дейді Санди Бексырға.

15802399_636811083187025_7898482283689017344_n

Мұнымен қатар, визажист адамның айналасындағылардың жиынтығы екенін айтып өтті. Тек жақсы адамдармен қарым-қатынаста болуға шақырды. Ал желі қолданушылары өз кезектерінде Сандидың қуанышын бөлісуге асықты.

“Санди, сенің жетістіктерің үшін қуаныштымын. Жарайсың!”, “Санди, сен керемет жансың! Жазда Шымкентке келуіңізді асыға күтіп жүрмін. Біздің жылы қаламызға келуге қалай қарайсыз? Сіздің курсыңызға қатысқым келеді”, “Санди, менің де қуанышымда шек жоқ!”, “Голливудқа шығуыңмен шын жүректен құттықтаймын. Ақылдым сол! Сенім бар жерде жетістік те бар” деп жазады желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

Жанкүйерлері Мәдина Сәдуақасованы голливуд жұлдызымен салыстырды (фото)

Мақпал Жүнісова марқұм Нұрқаділовтың қызына соңғы арнаған әнін бөлісті (видео)

Ләйлә Сұлтанқызы: Мен тоқал емеспін

Баян Есентаеваның жанында отырған бейтаныс азамат көпшіліктің талқысына түсті (видео)

Талқылау