Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Роза Әлқожа: Бір кездері "тойдан шаршадым" деп едім, сол үшін 8 ай азап шектім

Роза Әлқожа сөздің киесі туралы айтып, асылық сөз айтудан аулақ болуға шақырды. Адамзат баласының сабырсыздана айтқан әр сөзі үшін жауапты екенін еске салды. 

"Адам тағдырының тәуір болуын тәңірден сұрайды. Сонда сұрау үшін сөз қажет. Ол сөз керемет сөйлемдерді құрайды. Жаратқанға жалбарынған жан жақсы ниетпен ғана отырады. Жан солай тазарады. Неғұрлым төменге қараған сайын адам өзі де төмендейді. Сол үшін де биіккке шығып тұру керектігі. Сол себепті биік адаммен тілдескенде биіктеп кететіні.

Жаман сөз айтқаннан жақсы сөз айту қиын. Ал, өрелі сөз айтқанға өкінбей жүретіндей сөйлегің келеді. Сөз-жан дауысы. Сөз-жан дауасы. Сөз- қуат. Сөз-кие. Сөз-мәдениет. Сөз-тағдыр. Оны дұрыс қолданбасаң тағдырың өзгеруі мүмкін. "Оған сақшы қоймасаң, семсер секілді жүректерді жаралауы мүмкін", - деп жазды әнші. 


Роза Әлқожа Дина Төлепбергенге: Мен күйзеліске түстім, бала-шағама ие боларсыз


Роза ханым бір кездері өзінің де асылық сөз айтып, кейін сонысы үшін өкініп қалғананын айтады. Болмашы дүниеге "Шаршадым" деп қараудың өзі дұрыс емес дегенді айтты. 

"Шаршадым" деме шаршап қаласың" деген сөзі бар екен Роза Бағланованың.
Тәңірден сұрағанда да мысалы дұрыс сұрау керек екен. Анықтап.
Сол сияқты тегін екен деп қолданып сөзбен біреудің көңілін түсіре бермейік. Жөні осы екен деп аспай сөйлейік. Ар жағында қабыл етер Алла бар. Азап шегетін адам бар.

Мысалы, мен өзім шақырған жерлерге үлгере алмай кеткенде "тойдан шаршадым" деп қалғаным бар. Артынша басыма іс түсіп, сегіз ай бойы азап шектім. Сонда қатты өкіндім. "Бұлай түңіліп, бұлай таусылғанша тойда жүргенім жақсы еді ғой" деп. Тілегенде де, айтқанда да абай болайық. Анықтап айтайық керегін, асырып емес. Жақсы сөзбен жақсы жағдайда жүздесейік, жамағат!", - деп жазды әнші. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр